Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент полициясы “шарик-марик” ойынына тыйым салмақ (видео)

Шымкентте жергілікті тәртіп сақшылары “шарик-марик” деп аталатын ойын түріне түбегейлі тыйым салмақ. Қазірдің өзінде алдап-арбап пайда табатын ойынпаздармен тәртіп сақшылары белсенді күресті бастап кеткен.

ыыв

Бұл туралы otyrar.kz сайты хабарлайды.

Қала базарларында күн сайын “шарик-марик” ойнауға шақырған адамдарды жиі кездестіруге болады. Ұту мүмкіндігі тым төмен екенін білсе де, әйтеуір қатысушылар қатары сиремейді. Тиісінше, алаяқтардан зардап шеккендер саны да азаймай отыр.

Шымкенттің жергілікті полиция қызметінің басшылығы қала тұрғындарын мұндай лас ойынға қатыспауға шақырған. Олар бұл ретте аталмыш аумақтарға полицейлерді де қадағалауға жібермек. Ойынға қатысу, бәс қабылдау оқиғалары кезіккен жағдайда екі айлық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл салынып, ойынға тіккен ақша, заттық мүліктері тәркіленетін болады.

Талқылау