Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент қаласы жаңа жылдық безендіруге 80 миллион теңге жұмсамақ

Мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған «Шымкент қаласын Жаңа жыл мерекесіне мерекелік безендіру» лотында бұл жұмыстарға 80 млн 326 мың 204 теңге бөлінгені туралы ақпарат бар.

Елка новогодняя

Шымкентте жаңа жылдық безендіруге жұмсалатын қаржы әлеуметтік желіде қызу талқыға салынды. Көбі бұл сома бүгінгідей дағдарыс заманында тым көп деп есептейді. Айта кетейік, биыл еліміздің бірқатар облыс, қалалары жаңа жылдық мерекеге кететін шығынды азайтуды көздеген болатын. Тіпті жылдағы қаржыдан 20 млн теңге кем жұмсауды ұйғарған.

Алайда шымкенттік билік былтырғыға қарағанда 20 млн теңге артық қаржы шығындамақ. Былтыр мерекелік безендіру жұмыстарына 60 млн теңге жұмсалған болатын.

Ақтау әкімдігі 49 млн теңгені, Ақтөбе 27 млн теңгені қанағат тұтып отыр. Павлодар облысы 40 млн бөлген. Өскеменде бұл жұмыстарға небәрі 300 мың теңге бөлініпті.

Қарағанды мен Таразда жаңа жылдық безендіруге қаржы қарастырылмаған. Ондағылар былтырдан қалған шырша мен ойыншық, жарықтарды пайдаланатын болды. 

 

Талқылау