Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент балабақшасында ерсі би билегендердің басы дауға қалды

Шымкент балабақшаларының біріндегі ерсі қылықпен би билегендердің басы дауға қалды.

0ол

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Желіге тараған тәрбиешілердің Наурыз мерекесіне орай безендірілген залда бүлдіршіндердің алдында тұрып, тәрбиеге жат қимылдағы би билеген бейнекөрінісін желі қолданушылар сынға алды. Негізінен шетелдік әуендерге елтіген би аракідік отандық музыкаға да ұласады.

Тіпті бірінің әрекетін бүлдіршіннің қайталағаны байқалады. Мектепке дейінгі орталықтағы ересектердің әрекеті төзгісіз жағдай, сондықтан ойына келген дөрекілікке жол жоқ деген пікірлер айтылған. Білім бөлімінің тексеруі деректің орын алғанын анықтаған. Сондай-ақ, мұндай ерсі әрекетке енді тиым болатынын мәлімдеді.


Жіберіп алмаңыз:

Алматының Арбаты түбегейлі өзгермек

Ақтөбеде жатақхана дәлізінен табылған сәби анасына қайтарылды

Депутат бюджетті тиімді жұмсамағандарды қылмыстық жауапқа тартуды талап етті

Қызылордалық 14 жастағы шабандоз тапсырыспен ақшаға атпен шабады

Талқылау