Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шығыс Қазақстандағы Берел қорымынан Алтын адам табылды

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданындағы Берел қорымынан Алтын адамның табылды, деп хабарлайды Қазақпарат.

20170801130800

Бұл туралы «Сакралды Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берік Әбдіғали мәлім етті.

20170801130750

«Сүйінші, ағайын! Тағы да көне дәуірдің көзіндей болған құнды жәдігер! Сақ дәуіріне тән түрлі дүниені бүгінге бүтіндей жеткізген Алтай таулары маңындағы Берел қорымынан Зейнолла Самашев бастаған экспедициялық топтың қазба жұмыстары нәтижесінде, тағы бір Алтын адам табылды. «Қасиетті Қазақстан» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысына іссапарға барып, осындай айтулы жаңалыққа куә болдым», – дейді желідегі парақшасында Берік Әбдіғали.

20170801130353

Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов жауапты ведомстволарға өңірдегі тарихи-мәдени орындардың «Қызыл кітабын» дайындауды тапсырған еді.

Тағы да оқыңыз:

Дәрігерлер қостанайлық ардагердің денесінде 73 жыл бойы жүрген оқты алды

«Иегова куәгерлері» әжейге өлген соң марқұм ұлыңмен кездесесің деп үйін өз аттарына жаздырған

Үш жасар қызды зорлаған қылмыскерді елдің көзінше атып тастады (фото)

Талқылау