«Иегова куәгерлері» әжейге өлген соң марқұм ұлыңмен кездесесің деп үйін өз аттарына жаздырған

Сейсенбі, 1 Тамыз , 2017 13:03

Ақтөбе тұрғыны Юлия Ярославцева биліктен «Иегова куәгерлері» діни ұйымына назар аударуды ұсынды. Немересінің айтуынша, әжесі өлерінен бір ай бұрын үйін шіркеуге өткізетінін айтып өсиет қалдырған.

2372650

31 жастағы Юлия Ярославцева 6 жылдан бері пәтер жалдап тұрып келеді. Ол әжесінің жалғыз мұрагері, деп хабарлады 31 арна. 

Әжесінің үйін шіркеуге бергені жөнінде немересі жерлеу рәсімі кезінде біледі.

«Иегова куәгерлері» әжеме өлген соң күйеуімен, ұлымен кездесетінін айтқан. Әжем оларға қызмет етіп, мені үйден шығаруға келіскен.

«Бауыржан есімді пәтер жалдаушы әжеме әлдебір дәрілер берген. Ол ем ретінде қымбат дәрілер сатып әперген. Оның қандай дертті емдемек болғаны түсініксіз. Әжемнің тек қысымы ғана көтерілетін. Осы дәрілерлен соң оның жағдайы нашарлап кетті», – дейді Ярославцева.

Жергілікті билік діни ұйымның қызметіне тосқауыл қоя алмайды. «Иегова куәгерлерінің» қызметіне елде тыйым салынбаған.

Алайда облыстық дін істері басқармасында бұл ұйымның тыйымды бұзып, қоғамдық орындарында парақшаларын таратып, жұмыссыздарға элекстронды адресі мен сайтын жазады. Олар елдегі қоғамдық жұмысқа аз араласады.

«Мұғалімдердің айтуынша, «Иегова куәгерлері» ұйымына кірген ата-аналардың балалары сыйлық алудан, 8 наурызда берген сыйлықтан бас тартады. Әнұранды айтпай, мемлекеттік рәміздердерді мойындамайды», – дейді облыстық дін істері басқармасының бас маманы Ольга Вороневич.

Кейбір мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанда 17 мың адам осы ұйымға мүше.

Юлия Ярославцеваға мұрагерлікке қалған үйін қайтару үшін әжесімен туыстығын дәлелдеуі керек. Бірақ Юлия заңсыз туғандықтан анасының тегіне жазылған. Сондықтан оның полиция мен прокуратураға жазған арызын кері қайтарған. Осылайша 6 жыл өтіпті.

Тағы да оқыңыз:

Шымкентте Иегова куәгерлері облыстық мешіттің имамын өз қатарларына шақырған

Қостанайда ІІД полицейлерден таяқ жеген келіншекке миллион теңге төлеуге міндеттелді

Үш жасар қызды зорлаған қылмыскерді елдің көзінше атып тастады (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
18.02.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар