Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Швеция королі құзырындағылардан етті аз жеулерін сұрады

Швеция королі Карл XVI Густав денсаулық және экология жайлы ойлары себепті құзырындағыларды ет пен мармеладты аз жеуге шақырды.

gustav30042014-7

«Мен ет өнімдерін өндірумен айналысамын, бірақ ет жемеймін. Оған медициналық, экологиялық тұрғыдағы пайымым себеп. Әрине, ет жеу – пайдалы. Алайда күн сайын бифштекс жеудің жөні бір бөлек», – дейді король.

Ауыл шаруашылығымен айналысып, 1970 жылдардан бері қоршаған ортаны қорғау мәселесімен белсенді түрде шұғылданып келе жатқан 69 жастағы монархтың ойынша, шведтерге мармеладты да аздап жеу қажет..

«Тағамдардың құрамы жайлы қашан да есте ұстап, бәрін аздаған мөлшерде ғана жеуге тиіспіз», – деп қорытады король.

2015 жылы Карл XVI Густав халқына су қорына ұқыптылықпен қарау керектігі жайында үндеу жасаған еді. Ол табиғатты сақтау үшін, ваннаға түсуден бас тартуды ұсынды.

Карл XVI Густав — 1973 жылдың 15 қыркүйегінен бері Швеция королі. Ол «Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры» ұйымының жерілікті бөлімшесінің президенті болып табылады.

Талқылау