«Аll давай» әншісі екі айда Гелендвагенге қалай қол жеткізгенін айтып берді (видео)
«Аll давай» тобының әншісі Шоқан Маратұлы небәрі екі айдың ішінде Гелендваген автокөлігіне қалай қол жеткізгенін айтып берді. Әнші бірнеше жобамен айналысқанын айтты. Десе де қомақты қаржыға тез арада қол жеткізуіне танымалдылығының әсері болғанын жасырмады, деп хабарлайды Stan.kz.
Ол үшін әнші көтерме бағамен азық-түлік тауарларын саудалаумен және сақтандырумен айналысқан. Ал ең көп табысқа Шоқан бір жобаның бизнес-кеңесшісі қызметін атқарып, қол жеткізген.
«Мен аталмыш жобаны қаржыландыратын жанды тауып бердім. Сондай-ақ, бизнес-жоспарды құрастыру жұмысына қатыстым», – дейді Шоқан.
Әнші аз ғана уақыттың ішінде мол табысқа кенелуіне танымалдылығының әсер еткенін жасырмады.
«Көпшілік танымалдылығымның арқасында мақсатыма жеңіл қол жеткізгенімді жазуда. Иә, сіздермен келісемін. Бірақ осы беделге мен бір күнде ие болған жоқпын. 17 жасымда мен де барлық басқа жас жігіттер секілді армандадым. Бүгінгі күнге дейін жетіп, табысты болу үшін үшін күн-түн демей жұмыс істедік», – деп түсіндірді әнші.
Шоқанның айтуынша, табысқа жету үшін, ең бастысы, адам өзінің ұстанымдары мен қағидаларына адал болып, ешқашан берілмеуі қажет.
«Армандарыңызға сеніңіз, мақсат қойыңыз, өз-өзіңізбен жұмыс істеңіз, үйреніңіз, ашық болыңыз және алға ұмтылыңыз. Иә, бұл жеңіл жол емес. Алайда осылай өмір сүрген қызығырақ!
Ең бастысы, қанша рет бетіңізді қайтарып, үстіңізден күлсе де, сәтсіздікке ұшырасаңыз да, алға қарай ұмтылыңыз. Себебі сіздің не қалайтыныңыз және қолыңыздан не келетіні өзіңізге ғана аян. Өз мақсатыңыз бен арманыңызға деген сеніміңізді біреудің үзуіне жол бермеңіз. Басқаның қолынан келген іс сіздің де қолыңыздан келеді», – деп түйіндеді Шоқан.
Естеріңізде болса, бұған дейін Шоқанның екі айда 120 мың доллар табыс тапқанын жазған болатынбыз.
Жіберіп алмаңыз:
Ұялсақ етті! Майғазиев ана тілінде сөйлеспейтін қазақтарды сынап тастады (видео)
Асхат Садырбай адамды хайуаннан ерекшелейтін басты қасиет туралы айтып берді

"Желке сүйегін алып тастады": Астанада тұрғын үй кешенінің ауласында кішкентай қыздың үстіне футбол қақпасы құлаған
