Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шоқан Маратұлы 2 айда 120 мың доллар табыс тапты

«Ал Давай» тобының әншісі Шоқан Маратұлы небәрі екі айдың ішінде 120 мың доллар табыс тауып, бәсті жеңіп шықты. Тапқан табысына Шоқан қымбат “Гелендваген” автокөлігін сатып алмақ, деп хабарлайды Stan.kz.

шокан_4

Естеріңізде болса, осыдан екі ай бұрын Шоқан досымен бәстескен болатын. Ол небәрі екі айдың ішінде өз күшімен жаңа “Гелендваген” көлігіне ақша табатынын айтқан еді. Сондай-ақ, ол оған дейінгі тапқан табысының автокөлік ақшасына қосылмайтынын мәлім еткен.

Сонымен уәде етілген уақыт та өз мәресіне жетті. Түнгі клуб ашып пайдаға кенелген Шоқан мақсатына қол жеткізді. Күні кеше әнші осы уақыт аралығында 120 мың доллар пайдаға кенелгенін ашып айтты.

«Маған сеніп артып, қолдау көрсеткен барша жандарға алғыс айтамын. Соңғы іс қалды. Енді гелен автокөлігін сатып алу үшін тендер немесе голландтық сауда ұсыныстарын қабылдаймын. Гелен автокөлігін сататын таныстарыңыз болса айта жүріңіздер.

Ал мына фотода тұп-тура 120 мың доллар. Бұл ақшаны мен екі айда таптым. Бұл менің гелен үшін бастапқы бағам. Ең төмен бағада ұсынған адамнан сатып аламын», – деп жазды Шоқан желідегі парақшасында.

Гелен автокөлігі қара түсті, кем дегенде 2014 жылы жарыққа шыққан болуы тиіс. Сол сияқты автокөлік сыйымдылығы 4. 5.5 немесе 6.3 болуы маңызды.

Айта кетейік, бәстен жеңілген жағдайда Шоқан шашын тақырлап алып тастайтын еді.

Жіберіп алмаңыз:

Дәурен Айдарқұлов өзін атағы жер жарған Джеки Чанға теңеді

Алуа Қонарова өзінің мазасын алған ақылсыз әншілерге ашуланып кетті

Бүркіт пен Айша балалар үйіне жаңа жыл кешін ұйымдастырып берді (видео)

Абай Бегей қызын тоқалдыққа қимайтынын айтты

Талқылау