Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да жоғалып кеткен қыз өлі күйінде табылды

Шығыс Қазақтан облысында жоғалып кеткен қыздың өлі табылғаны белгілі болды, деп хабарлайды КТК.

23 жастағы Кристина Подкорытова сәуір айында жоғалып кеткен еді. Ол Шемонайха ауданының тұрғыны. Жақындарының арызында Кристинаның 1 сәуірде үйінен кетіп, қайта оралмағаны айтылған.

Бір айдан соң желіде бойжеткеннің өлі денесі табылғаны туралы ақпарат шықты. Алайда полицейлер мұны теріске шығарды.

Ал, жақын күндері бойжеткеннің өлі табылғаны расталды. Бірақ Кристинаның қай күні, қалай мерт болғаны белгісіз.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау