Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да педофил кішкентай қызды шешіндіріп тастаған жерінен ұсталды

Зырян қаласының тұрғыны 11 жасар қызын педофилдің құрығынан құтқарып қалды.

Безымянный

Бұл туралы “Өскемен Жаңалықтары” хабарлайды.

“Әйелдің айтуынша, белгісіз ер адам оның қызын алып кеткен. Қыз бала аулада достарымен ойнап жүрген екен. Әлгі ер адам оларды айнала қарап жүріп, ұялы телефонын көрсетіп оларды қызықтыруға тырысқан. Сосын бір қызды алып кеткен”, – дейді Зырян аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Рустам Надыров.

Осыдан соң балалар шу көтеріп, қыздың анасына жеткізеді.

“Әйел көрсеткен бағыт бойынша жүгіріп барып, айғайлай бастайды. Ер адам қызды шешіндіріп үлгерген екен. Анасы полиция шақырып, тәртіп сақшылары сол ауданды қоршап үлгереді. Көп ұзамай қылмыскер де ұсталды”, – дейді тәртіп сақшысы.

Ұсталған ер адам бұрын да балаларға сексуалдық қысым көрсеткені үшін екі рет сотталған екен.

Оқи отырыңыз:

Түркістан тұрғыны: Емші бала Ербосынға қаралған соң ағамның жағдайы нашарлап көз жұмды

Ерке Есмаханның әнін саппен жүріп айтқан сарбаздар жұртты ду күлдірді (видео)

Оңтүстік жұрты Мұхтар Шахановтың 75 жасын дүркіретіп атап өтті

Таразда дәретханаға тасталған баланы асырап алмақшы болған жұп ұлды болды

Талқылау