Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да медицина маскасын киген қыз зейнеткерді ұрып, ақшасын тартып алған

Аягөз ауданында 22 жастағы медициналық маска киген қыз зейнеткерді ұрып, есінен тандырып, ірі көлемдегі ақшасын алып кеткен. Оқиға үй ауласында болған.

Бұл туралы YK-news.kz хабарлады.

77 жастағы қария полицияға өзі хабарласқан. Үй ауласына шыққан қарияға медициналық маска киіп алған қыз келген. Ол қарияны тіл тартқызбастан ұрып, есінен тандырған.

«Ол ер адамның қалтасын тінтіп, 90 мың теңгесін алып, оқиға орнынан қашып кеткен», – делінген ШҚО ІІД баспасөз қызметі хабарламасында.

Тексеру барысында 22 жастағы ауылға келуші қыз екені белгілі болды. Қыз оқиға орнында бір қолғабын түсіріп алған.

Деректер бойынша ҚР ҚК 191 бабы «ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тағы оқыңыз:

Қазақстаннан кеткен жоғары білімді мамандар саны рекордқа жетті

Көкшетауда шенеуніктер мен тұрғындар жатақхананы бөлісе алмай дауласып жүр

Оралда жолға шашылған тауық аяқтары тұрғындардың ашуын келтірді

Ақтауда полиция қызметкерінің әрекеті жүргізушілерді тамсандырды (видео)

 

Талқылау