Оралда жолға шашылған тауық аяқтары тұрғындардың ашуын келтірді

Оралда жол жиегіне тауықтың аяқтары тасталған. Оның жағымсыз иісін Рыбцех елді мекеннің тұрғындары сезган. Тауық аяқтары «Жайық Ет» ЖШС-ға тиесілі екені белгілі болды. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Қарға-құзғынның да ауыл маңындағы жол шетіне шоғырланғанынан сезіктеніп, тексергенде тауықтың аяқтарын тапқан. Кейін бұлардың Оралдағы «Жайық Ет» ЖШС-ға тиесілі екені белгілі болды.

Басшыларының айтуынша,  тауық аяқтарының бей-берекет шашылып жатуына серіктестік қызметкерлері емес, қарға-құзғындар кінәлі екен. Өйткені қалдықтарды мекеме аумағындағы қоқыс контейнерінен солар тасып әкеткен. Ал көршілес Щапова ауылына жеткізіліп, жойылуға тиіс қалдықтардың жиналып қалуына оны тасымалдайтын көліктің бұзылып қалуы себеп болыпты.

“Қоқысқа бір қарға келсе, оның артынан бірнешеуі келеді емес пе? Міне, солар, бір-бір аяқтан алып кетіп, айналаны толтырып тастаған. Осылайша, олар 7-8 қап болатын қалдықтардың далада шашылуына себепші болаып отыр”, – дейді “Жайық Ет” ЖШС директоры Асан Сұлтанғалиев.

Тағы оқыңыз:

Ақтауда полиция қызметкерінің әрекеті жүргізушілерді тамсандырды (видео)

Алматыдағы арнайы операцияның мән-жайы: Полицей брондалған көлікке 8 оқ атты

Ажалы келген адамның жүзінен қандай белгілер байқалады

Қазақстанда мұғалімдерді билік өкілдерімен теңестіру ұсынылды

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
26.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар