Алматыдағы арнайы операцияның мән-жайы: Полицей брондалған көлікке 8 оқ атты

Алматы қаласы Бостандық ауданы №2 сотында былтыр қараша айындағы арнайы операция кезінде ұсталған Дәурен Әлеухановқа қатысты іс қаралып жатыр.

23 жастағы ер адам 12 қарашада арнайы операция нәтижесінде ұсталған болатын. Бастапқыда екі адам ұсталып, олардың бірі Марлен Шалабаев кейін босатылды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Полицейлер берген мәліметіне сүйенсек, көліктің ішін тінту барысында автомат, 7,62 калибрлі 30 оқ, аңшы пышағы мен бронежилет табылған. Арнайы операция барысында бұзылған Toyota Land Cruiser 100 ұсталғандардың біріне тиесілі.

Сот отырысы кезінде Шалабаев Әлеухановты бір жылдан артық танитынын, бірге спортпен шұғылданғанын айтты. Сол себепті 12 қарашада Алматыға Әлеуханов келгенде, күтіп алу үшін алдын ала хабарласқан. Кешке дәмханадан шыққан соң көлікпен келе жатып, бағдаршамға тоқтағанда, оларды полицейлер тоқтатпақ болып, есікті ашуға бұйрық берген екен.

“Біз тоқтамай, тура жүре бердік те, бұрылдық. Алаңға келгенде көлік тоқтады. Мен Дәуренге тоқтама дедім, қатты қорқып, қашып кетейік деп ойладым. ҰҚКБ басшысы көлікті ашуды бұйырды, біз ашпадық. Жерде жатқан кезімде ғана бронежилет пен автоматты көрдім. Гранатаны мүлдем көрген жоқпын, қайдан келгенін білмеймін”, — деді куәгер.

Сотта жауап берген аға лейтенант Айдос Жансерікұлы операция барысында көлікті тінтіген болатын, ол сол күні кезекшілікте болғанын айтты.

“Сәтпаев көшесіне барсам, әкімдік жанында полиция қызметкерлері жүр екен. Кезекшіге айттым. Сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне деректі тіркеп, Toyota Land Cruiser-ді тінте бастадым. Әуелі сырттай бір көріп шықтым. Соғылған жерлері болды”, — дейді полицей.

Тәртіп сақшысының айтуынша, көліктің орындығында бронежилет болған, алдыңғы жақта екі орындықтың ортасында Калашников автоматына ұқсас темір зат табылған.

“Ұсталған азамат қарудың өзінікі екенін, аңшылыққа арналғанын айтты. Орындықтың астында оң жақ бұрышта гранатаға ұқсас метал зат жатты. Көзбен көріп, маманға түсіріп алуға нұсқау бердім. Кейін алып, жерге қойдым да, тінтуді әрі қарай жалғастырдым. Жүк салғыштан оқ-дәрі табылды”, — дейді Жансерікұлы.

Ұсталған азамат гранатаның өзіне тиесілі екенін мойындамаған.

Полицей оқ-дәріні асфальтқа тізіп қойып, ұсталған азамат пен куәгерлерге көрсеткен, қасына туристік қара пышақты да қойған. Кейін ол ІІД саперлер тобын шақырып, гранатаны өзге де тұлғалардың көз алдында зарарсыздандырған, қару-жарақтан саусақ іздерін алып, конвертке салыпты.

“Жансейітов жүргізугі мен жолаушыға көліктен шығуды бұйырған, бірақ олар бас тартты. Сонда ол полиция қызметкерлеріне күдіктілердің қаруланғаны жайлы хабар берді. Жансейітов қаруды тастап, берілуді сұраған. Алайда көліктегілер оны тыңдамапты. Ақырында полицейлер ауаға оқ атқан. Жүргізуші әрі қарай жолын жалғастырды, полицейді қағып кетті. Полицей көлікке 8 рет оқ атты. Бірақ көлік тоқтамады, себебі брондалған еді. Автокөлік Абай-Желтоқсан көшелерінің қиылысынан Абай-Фурманов көшелеріне бет алды. Фурманов-Сәтпаев көшелерінің қиылысында ұсталды”, – деді судья.

Дәурен Әлеуханов екі бап бойынша айыпталып отыр: ҚР ҚК 287-бабы 3-тармағы және 346-бабы 1-тармағы.    Сотталушы айыбын мойындамайды. Бірақ есірткі шегіп, мас болғанын, көлікті жүргізуші куәлігінсіз айдағанын растады.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстанда мұғалімдерді билік өкілдерімен теңестіру ұсынылды

Ақтөбелік жігіт валентин ашықхаттарын жою үшін іс-шара ұйымдастырды (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар