Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да көлік тізгінін игере алмай қалған келіншек бағдаршамды жұлып кеткен

Зырянов ауданындағы орталық көшелердің бірінде, тас жолдың көк тайғақ болуына байланысты, көлік тізгінін игере алмай қалған келіншек бағдаршамның ұстынын соққан.

2222
Қатты соқыдан бағдаршам салбырап қалған. Полицейлер көлікті сол маңның тұрғыны басқарғанын,жанында оның күйеуі болғанын айтқан. Келіншек болған жайт бойынша көк тайғақ кезінде жол қиылысынан бірден бұрыла алмай қалғанын түсіндірген.

11111
Полицейлер оқиғаның салдарынан зардап шеккендердің жоғын айтқан. Десе де мемлекет мүлкіне зиян келтірген келіншекке айыппұл салынары анық. Қазірге оның көлемі белгісіз. Айтакету керек, қалада орналастырылған бір бағдаршамның бағасы бірнеше миллион теңге тұрады.

Талқылау