Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да Қазақстандағы жалғыз ұста-әйел тұрады

Бобровка аулының тұрғыны Айгүл Нұрошпаева Қазақстандағы жалғыз ұста-әйел болып саналады. Негізінен ер адамдарға тән қолөнер түріне оны күйеуі Евгений Коротаев үйретіпті.

100d0a40510132db65fb927c65b0dee9

Сурет әлеуметтік желіден алынды

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

Ерлі-зайыптылар әу баста егер екеуі бірдей ұста болса, болашақтарының жарқын болатынын түсінген. Тіпті, ұстахана ашып алсақ деп армандайды.

“Жол картасы жұмыспен қамту” бағдарламасы арқылы олар 3 миллион теңге несие алып, оған қажетті құрал-жабдық пен материалдар сатып алады. Керек-жарақтың барлығын, тіпті дәнекерлеуші құрылғыға дейін алады. Қазір оның қолынан түрлі бұйымдар шығып, көпшіліктің көңілінен шығып жатыр.

Талқылау