Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да фермер 2 жасар балаға арақ беріп, сосын оны жауыздықпен өлтірген

Аягөз ауданында фермер екі жасар баланы жауыздықпен өлтіріп, сосын оның анасын полицияға өтірік айтуға мәжбүрлеген.

97

Бұл туралы “Өскемен Жаңалықтары” хабарлайды.

Қайғылы оқиға Тарбағатай ауылы маңынды болған. 37 жастағы ер адам өз жұмысшысының екі жасар баласына арақ беріп, сосын оны жауыздықпен өлтірген. Осыдан кейін ол баланың анасын қорқытып, полицияға “бала шатырдан құлап кетті деп айт” дейді.

Іс материалдары бойынша фермер Аягөзден шаруа қожалығына келеді. Ол шала мас күйде болған. Жұмысшылар тұратын үйге кіріп, арақ іше бастайды. Сосын екі жасар баланы байқап қалып, өзіне шақырып алады. Содан кейін стаканға арақ құйып, балаға береді. Оны көрген баланың анасы фермердің әрекетіне қарсылық танытқан. Ашуланған ер адам баланы қатты лақтырып жібереді. Диванға соғылған баланың ауызынан бірден қан кеткен. Баланың жылаған дауысына одан әрі долданған фермер сәбидің арқасынан тебеді.

Ал анасы көмек сұрап сыртқа жүгірген кезде ер адам оны да ұстап алып, екі рет ұрады. Әйел ақыры сытылып шығып, көшедегі адамдардан көмек сұрай бастайды. Ал баламен жалғыз қалған фермер, оны аяусыз ұрып, басын қабырғаға соққылайды. Бала сол жерде көз жұмған.

Баланың анасы қой бағып жүрген азаматтық некедегі күйеуіне келіп, жағдайды айтады. Олар үйге келген кезде фермер баланың ұйықтап жатқанын жеткізген. Бірақ, ішке кірген соң олар өлі күйде жатқан баланы тауып алады. Сосын фермер әйелді қорқытып, полицияға баланы шатырдан құлап кетті деп айт деп қысым жасай бастайды. Әйел әкесіне хабарласып, олар баланың денесін үйге алып кеткен. Бірақ, тергеу тобы оқиға орынына жеткен кезде әйел бар шындықты айтып береді.

Сотта айыпталушы өзін ақтауды сұрап, жала жабылып тұрғанын айтады. Бірақ, барлығы оның кінәлі екенін меңзейді. Ақыры сот оны 16 жыл 1 айға бас бостандығынан айырды. ШҚО прокуратурасы апелляциялық шағымның өзгеріссіз қалдырылғанын мәлімдеді.

Оқи отырыңыз:

Шымкентте 3 жасар бала ашық жатқан сым тоғына түсіп, қолын тұтас күйдіріп алды

Алматыда Mercedes жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

ОҚО-да жантүршігерлік жол апатынан 4 жас қыршынынан қиылды

Астанада құрылыс нысаны құлап, 2 жұмысшы мерт болды

Талқылау