Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да екі адамды қағып, мерт қылған мас полицейдің рөлде отырып ұйықтап кеткен

ШҚО-да Жарма ауданының Қалбатау ауылында 27 күні түнде қайғылы жол көлік оқиғасы болған еді. Әйелдің айтуынша, 25 жастағы тәртіп сақшысы жұмыстан шаршағандықтан көлік жүргізген күйі ұйықтап кеткен, – деп хабарлайды YK-news.kz.

1420510189_photo_145936

Сурет: oskemen.info 

Аудан орталығының тұрғыны аты-жөнін айтпай, оқғаның қалай болғаны жайлы айтуға келіскен еді.

«Менің ағам Азаматтың жақын жолдасы (Азамат – көлік жүргізген полицей). Олар бірге полицияда қызмет етеді. Менің білуімше олар сонғы кездері тапжылмай жұмыс істеп, шаршап жүрген. Дәл сол күні Азаматтан достары бір жерге апарып тастауын өтініп хабарласқан. Ол достарын шақырған жерден алып кетіп, үйіне апарып тастаған. Үйінде аздап ішімдік ішкен. Олардың үйі орталықтан алыс болғандықтан, Азаматтың жол бойында бірер секундқа көзі ілініп кеткен секілді. Сол сәтте жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, екі адамды қағып кеткен. Олардың бірі жол бойында темекі шекпек болған. Ал, екіншісі одан темекісін тұтатып алуды сұрап тұрған. Соққыдан соң азамат бірден есін жиып, жедел жәрдем мен полицейлерді шақырып, олар келгенше күтіп отырған.

Қазір жүргізуші уақытша ұстау изоляторында.

«Ағам қазір оны жалғыз қалдырмауға тырысып жатыр. Ол өзіне қол жұмсап қоя ма деп қорқады. Азамат өзін кінәлап, болған жағдайға қатты уайымдап жатыр. Қайтыс болғандардың отбасына қиын болды. Бірақ, Азаматқа да жанымыз ашиды», – дейді Қалбатау ауылынң тұрғыны.

Айта кетейік, ШҚО ІІД баспасөз қызметі көлік жүргізген полицейдің ішімдік ішкенін растаған еді.

Арина Шатаева

Талқылау