Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да бұрынғы қызметкер пошта бөлімшесін тонады

Өткен жылдың 23 желтоқсанына қараған түні қаскүнем ғимаратқа кіріп, ондағы сейфті бұзып ашып, ішінен 160 мың теңге алып кеткен. Тергеу бойынша қылмысқа зардап шеккен ұйымның бұрынғы қызметкерінің қатысы бар.

1444635304_13197dc498ede0e5e5a27c42073bc8dccd084_XL

Бұл туралы YK-news.kz хабарлайды.

Шемонаиха АІІБ-нің мәліметтерінше, ұрлық фактісі туралы өтінішпен Усть-Талов кенттік пошта бөлімшесінің қызметкерлері келген. Олар

АІІБ қылмыстық іздеу бөлімінің бастығы Серік Оразовтың түсіндіруінше, қылмыс мықтап ұйымдастырылған. Тергеу нұсқасы бойынша, поштаның бұрынғы қызметкері кештен бастап пошта орналасқан ғимарат вестибюліндегі баспалдақтың астында тығылып отырған. Мұнда сондай-ақ әкімдік, Халық банк бөлімшесі және полицияның учаскелік инспекторының кабинеті орналасқан.

Кешкі уақытта ғимаратта адам қалмағаннан кейін, күдікті әйел пошта бөлмесіне кіріп, сейфті бұзып, ішінен 160 мың теңге алып шыққан. Одан кейін, тергеушілердің шамалауынша, ол баспалдақтың астына қайта кіріп, онда түнеп, таңертең жұмыс күні басталғанда ғимараттан шығып кеткен.

Тергеу кезінде жедел қызметкерлер поштаның бұрынғы қызметкерлерінің бірі өзі қарыз алған адамдарға ірі сомадағы ақша – жүз мың теңгені қайтарғаны белгілі болды. Осылайша бұрынғы қызметкер ұрлық жасауда күдікті танылды.

«Әйел қылмыс жасағанын мойындады. Қазіргі кезде күдікті ешқайда кетпеу қолхатын толтырды. Тергеу амалдары жүргізілуде», – деп қосты Серік Оразов.

Талқылау