ШҚО-да әкім орынбасары қағып өлтірген жігіт сол күні сүйіктісін кездесуден шығарып салған

Риддер қаласында BMW X5 маркалы көлігін жүргізуші 19 жастағы жаяу жүргіншіні қағып өлтірді. Жантүршігерлік жол-көлік апаты  15 сәуірде кешкі сағат 22.00 шамасында болды.

Бұл туралы Риддер қаласының Ішкі істер басқармасы хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Қоңырау түсе сала жедел жәрдем көлігі оқиға орнына аттанды. Жедел жәрдем қызметкерлері  келгенге дейін жас жігіт сол жерде жан тапсырған. Оның бас сүйегінің негізі сынған, сондықтан бірден көз жұмды», – деп түсіндірді Риддер қалалық ауруханасының бас дәрігері Зухра Оспанова.

Алдын ала деректер бойынша, жас жігіт сол уақытта сүйіктісін кездесуден шығарып салған. Жолдың жиегімен келе жатқан жұпты BMW X5 автокөлігі қағып кеткен. Қатты соққыдан жігіт  айтарлықтай қашықтыққа дейін ұшып, ұзыннан созылып жатқан құбырға басымен соғылған.

19 жастағы жігітті қағып өлтірген көлікті Риддер қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаевтың басқарғаны белгілі болды. Қала тұрғыны Сергей Андреевтің айтуынша, Риддерде бұл шенеуніктің жеке көлігін бәрі біледі.

«Ол мас болған. Бұл туралы Риддерде бәрі біледі. сол уақытта ол қызметтік емес, өзінің жеке көлігінде болды»,- деді Андреев.

Полиция да Бауыржан Құрманбаевтың көлікті мас күйінде айдағанын растады.

«Тексеру барысында жаяу жүргіншіні қағып өлтірген 45 жастағы автокөлік жүргізушісінің  мас болғаны, сондай-ақ оның Риддер қаласы әкімінің орынбасары екені анықталды. Қазір шенеунік уақытша ұстау абақтысында қамауда отыр»,-деді Риддер қаласының ІІБ.

Қазір бұл іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігіне «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру ережесі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуына» сәйкес алдын ала тергеу басталды.

Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша жол-көлік апатын тексеру облыстың ішкі істер басқармасы бастығының арнайы бақылауына алынды.

Оқи отырыңыз:

Астанада 1500 оқушыға арналған Сингапур мектебі салынбақшы

Исекешев: Әкімдік бірінші жартыжылдықтан бастап қызметтік автокөліктерді қолданудан бас тартады

ШҚО-да мас күйінде көлік жүргізген әкім орынбасары 19 жастағы жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

Қостанайда полиция қызметкері қызғаныштан өзімен бірге тұратын қызды пышақтап, өзіне қол салған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
26.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар