Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да 8 айдан кейін денесі табылған Айымның өліміне көршісі күдікті деп танылды

14 жастағы Айым Ұлтамбаеваны өлтірді деп оның көршісі күдікке ілінуде. Бұл туралы мектеп оқушысының анасы айтты. Тіпті тәртіп сақшыларының болжауынша ол адамның басқа да қылмыстарға қатысы бар болуы мүмкін.

орпав

Сурет әлеуметтік желіден алынды

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

Еске сала кетсек, Айым Ұлтамбаева өткен жылдың қыркүйек айында Жарма ауданының Шар қаласында жоғалып кетті. Полицейлер, қала тұрғындары мен жақын туыстарының барлығы 14 жасар қызды сегіз ай бойы іздеген. Кеше ол қаланың сыртқы жағында өлі күйінде табылған. Денені кездейсоқ өтіп бара жатқан адам байқап қалған.

Айымның “ВКонтакте” парақшасында көңіл айтып жатқан адамдар саны көп. Тіпті желі қолданушысы Лаура Ибрайымова оның өліміне күдікті ретінде қыздың көршісін атапты.

“Біз сол жас жігітті күдікті ретінде қорыққанбыз. Ол біздің көршіміз. Айым онымен ешқашан сөйлескен емес. Ол туралы не айтайын? Ол нағыз қанішер. Тіпті оның бірнеше қылмысқа да қатысы бар екені сөзсіз”, – дейді анасы.

Айымның жақындары күдіктімен әлі кездеспеген, бірақ, ол өлтіргенін мойындаған дейді. Қыздың туыстары ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы керек деп есептейді.

Полицейлер де Айымды өлтірген болуы мүмкін деген күдіктінің, басқа да қылмыстарға қатысы бар болуы ықтимал екенін хабарлады. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары істі қарастырып жатыр.

Талқылау