Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да 3 жасар қыз жүріп бара жатқан көліктен құлап кетті

ШҚО-ның Зырян қаласында 3 жасар қыз жүріп бара жатқан көліктен құлап кетті.

ШҚО-да 3 жасар қыз жүріп бара жатқан көліктен құлап кетті

Бұл туралы YK-news.kz-ке сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Полиция мәліметінше, қайғылы жағдай бала отырған жеңіл автокөлікті тізгіндеген 43 жастағы жүргізушінің алаңғасарлығынан болған.

Жүргізуші дүкен тұрағынан шығып бара жатып, көліктің барлық есігі жабық екенін тексермеген. Салдарынан көлік қозғалып бара жатқанда есіктердің бірі ашылып кетіп, бала асфальтқа құлаған.

Хабарланғандай, бүлдіршін өткен түні Зырян аудандық орталық ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер қыздың көптеген ауыр жарақат алғанын анықтады. Кішкентай қыздың бас миы соғылып, басының шашты бөлігі, сол жақ шекесі жарақаттанып, сол жақ бұғанасы сынып, денесі, қолы мен аяғы зақымдалған.

Жол ережесін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау