Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да 200-ден аса көлік жолда қалып, 312 адам эвакуацияланды (видео)

ШҚО-да құтқарушылар қар құрсауында қалған жүздеген адамды құтқарды. Үржар ауданындағы Алматы-Өскемен тасжолынан 312 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

ШҚО-да 200-ден аса көлік жолда қалып, 312 адам эвакуацияланды (видео)

Құтқарылған адамдар жақын маңдағы аурухана, мектеп, колледж, дәмханалар мен Таскескен аулының тұрғындарының үйлеріне орналастырылды.

Елдің шығысындағы қатты желдің салдарынан автокөліктер қар құрсауында қалған. 7 автобус, 45 КамАЗ, 30 жеңіл автокөлік, 8 «ГАЗель» көлік кептелісінде тұр.

Көлік кептелісінде қалған адамдар эвакуациядан бас тартты. Қазіргі уақытта қар басқан аумақта 231 көлік қалып отыр. Адамдарға ыстық тамақ пен жанар-жағармай материалдары үлестірілуде.

Департаменттегілердің мәліметінше, медициналық көмекке жүгінгендер жоқ. Қазіргі уақытта жол қардан тазаланып жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау