Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысында келіні енесінің атынан жасырын түрде несие алған

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны өз атынан 2,5 миллион теңге несие рәсімдеген келінінің үстінен полицияға шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Облыстың ішкі істер департаментінің хабарлауынша, Зайсан полиция бөліміне 67 жастағы әйел алаяқтық фактісі бойынша арызданған. Ол келінінің жасырын түрде оның атына 2,5 миллионнан астам несие рәсімдегенін мәлімдеген. 

Белгілі болғандай, өткен жылы келінінің ұялы телефонына зейнеткердің шотына кіруге мүмкіндік беретін банктік қосымша орнатылған. Өткен жылдың желтоқсаны мен осы жылдың қаңтары аралығында жұмыссыз қалған келіні қайын жұртының атына үш рет несие рәсімдеп, ақшаны өз қажетіне жұмсаған.



Жәбірленуші несие төленбегенін сәуір айында әдеттегіден әлдеқайда аз зейнетақы алғанда білген. Осылайша несие төлемдері зейнеткердің зейнетақысынан алынған. 

Алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің мүлкі тәркіленіп, төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін Бразилиялық әйел несие алу үшін ағасының мәйітін банкке әкелгені туралы жазған едік. Әйел 68 жастағы ағасының денесін мүгедектер арбасына салып әкеліп, 17 мың бразилиялық реал  (3,2 мың доллардан астам) несие алмақ болған.

Талқылау