Шетелдіктер Қазақстанды ғажап мекен қатарына қосуда

Жұма, 18 Желтоқсан , 2015 14:45

ҚазМУ-ға шетелдік студенттер сонау 1985 жылдардан бері келіп оқиды. Ал қазіргі кезде шетелдіктерді жоғарғы оқу орнына дейінгі тілдік және жалпы білім беруге дайындау курстарында 175 студент білім алуда.

image118094

Бұл туралы “Караван” газеті хабарлайды.

Олардың 30-ы қазақ тілін, қалғаны орыс тілін үреніп жатыр. Олар бұл тілдерді ұлтық оқу орнына түсу үшін, болмаса, жоғары оқу орындарының арасындағы алмасулар бағдарламасы бойынша, ал кейбіреулері өздері үшін оқуда.

Кафедра профессоры Жанар Нұршайықованың айтуынша, әр түрлі жылдары түрлі шет елдеітер келеді екен. Мәселен: 1980 жылдардың екінші жартысында Тунис, Алжир, Марокко мен Камбоджадан келген студенттер саны басым болған. Ал сексенінші жылдардың соңына қарай Нигерия, Эфиопия, Буркина-Фасо елдерінен келген студенттер Лениннің суреті ілінген аудиторияларда отырып сабақ оқыған болатын… 90-шы жылдардың басынан бастап көршілес Қытайдан келетін студенттер саны артты, кейіндеп оған Жапония мен Оңтүстік Корея елдері қосылды. 2000-шы жылдардан бастап, Түркия азаматтары көбейді. Қазіргі кезде шетелдіктер Алматыда көп тұрады, олардың көпшілігі қытайлықтар, кәрістер мен түріктер.

Америкалық жұбайлар Майк мен Хак хи Адамс – екеуі де зейнет жасындағы кісілер, алайда олар студент партасына қайта отырады деп кім ойлаған? Қазақстанға барып білім аламыз деп олардың өздері де ойламапты. Олар Қазақстанды бір кездері Алматыда фотограф болып қызмет еткен ұлдарының кеңесімен таңдаған көрінеді.

«Баламыз сіздердің елдеріңізде түсірілген ғажап суреттерді көрсететін, әсерміз керемет болды.Гондурастағы жұмысымызды аяқтағаннан кейін, осында келдік. Жаңа тілдерді, дәстүрлерді үйреніп, саяхаттап, бір сөзбен айтқанда өмірден ләззат аламыз. Әйелім же тамаша жетістіктерге жетуде. Бұрын біз АҚШ-та болған кезде YouTube арқылы орыс тілін үйренетін, бірақ университетте білім алған тиімдірек – қатаң қадағалау болады, тапсырмалар беріледі, ұй тапсырмасын орындаймыз»,-дейді Майк.

Білім іздеген бұл жұп үшін Қазақстандағы ең таң қаларлық жайт – қоғамдық көліктердегі жастардың ізеттілігі болыпты:
«Біз автобустағы жастардың қылығына тінті болдық. Мен өзімді кәрімін деп есептемеймін, алайда олар, барлығы орындарынан тұрып, орын береді, ал мен үнемі рахмет айтып, бас тартуға тырысамын. Адамдардың мейірімділігіне тәнті болдық. Қаланы аралау оңай, жолда жүру ақысы да қымбат емес, қол жетімді. Бұрын көігіміз бар кезде бір айдың азық-түлігін бір-ақ алатынбыз. Қазір азық-түліктті үнеммен алатын болдық. Бір жағынан ысырапқа жол бермейміз»,-дейді ерлі-зайыптылар.

Жастармен бірге оқыған қалай?

«Бізге жас ерекшелігінің еш кедергісі жоқ, біз оған мән бермейміз. Негізгі мақсат – білім алу. Жалпы білім алуда ешқандай жас шектеуі болмау керек. Мен үшін ми жұмысын белсенді ұстап отыру өзімді жас сезінуге ықпал етеді. Біз бай емеспіз, бірақ Қазақстанда білім алуға мүмкіндігіміз бар»,-дейді Қазақстанға білім алуға келген азаматтар.

Алматыда ағылшын тілінде сөйлейтін шетелдіктер көп, алайда, АҚШ-тан келген студенттер шулы ортадан қашады, оларға саяқ жүрген ұнайтын сияқты.

«Біз шулы басқосуларға бармаймыз. Өзім ауылды жерден шыққанмын, сондықтан қаланың даңғазасын ұната бермеймін. Үйде оңаша қалғанды, кофе ішіп, теледидар көргенді, бір-бірімізбен әігңмелескенді ұнатамыз.», – дейді Майк.

Хак хидің жолдасының айтуынша, тіл үйренуге айнаның барлығы атсалысатын көрінеді: дүкеншілер мен такси жүргізушілері де қалыс қалмайды екен. Ал Майк болса, бос уақытында жастарға вин-чун өнерін үйретеді, ол кунг-фу өнерінің бір саласы. Жұбайлар келесі жылы мамыр айында тілдік курстарын аяқтайды. Әрі қарай жаңа деңгейге өте ме, әлде қазақ тілін үйрене бастай ма, оны әлі шешпепті, қазірше, ғажап қаланың сұлулығына сүйсініп жүрген көрінеді.

37-жастағы католик шырақшысы Эдуардо Кортина бүгінгі күні қарапайым студент. Алматыға жазда испан қаласы Эльчеден келіпті. Алдымен орысша үйрене бастаған, ал қазір қазақ тілін үйреніп жүр. Сабаққа өзгермейтін пастор жейдесімен барады, қарапайым, езуінен күлкі кетпейді.

«Меніңше, басқа тілдер мен мәдениеттерді оқу, білу – өте қызықты. Бұл – адам жан-дүниесінің байлығы. Мен орыс тілін Мәскеуде үйрене бастадым, осы жерде жалғастырып жатырмын. Бір досым осы Алматыда жұмыс істегендіктен де, осы жерге келу оңайырақ болды. Алғашқыда «қанша дегенмен Азия елдеріне жатады ғой, сондықтан мәдениеті мен салт-дәстүрінде үлкен айырмашылықтар болатын шығар» деп ойлағаным рас. Алайда барлығы мен ойлағандай болмай шықты», – дейді Эдуардо.

Оның діни көзқарастары мүлде басқа болғандықтан, «басым көпшілігі ислам дініні ұстанатын елде жүру қиынға соққан жоқ па?» деген сұраққа Эдуардо «мәдениеттер мен діндер арасында түсіністік болуы керек» деп жауап береді.

21 жасар Тан Мэньэн жатақханада Қытайдан келген үш студент жігітпен бірге тұрады. Ол бұл қаладағы әрбір нәрсеге таңдай қағудан шаршамайды. Өзін қоршаған достарына ыңғайлы болу үшін есімін Андрей деп атауды сұрайды.

«Ата-анама «мен үшін қам жемеңдер, менде бәрі жақсы» деймін, жалпы өзім де өздігіммен өмір сүргенді ұнатамын, – деп күледі Тан-Андрей.

Тан Қытайдың оңтүстік-шығысында орналасқан Хунань провинциясынан келген. Алматыға келмес бұрын, Пекин дәмханаларының бірінде даяшы олып жұмыс істеген. Сол жерде бухгалтер болып еңбек еткен Украиналық жігіттен біраз орысша үйреніп алады. Суыққа төзбейтін жаурауық адам болғандықтан, Ресейді емес, Қазақстанды таңдапты.

Бір қызығы, көшеде оның шет елдік екендігі байқалмайтын да көрінеді. Тіліндегі акценті болмаса, қазақ тілінде де, орыс тілінде де жауап береді.

Тілдік курсты тәмамдағаннан кейін ҚазМУ-ға оқуға түспекші. Арманшыл жігіт «Осындай ғажап қалада қалып, білімімді жалғастырып, кейін бір бизнес ашсам» деп армандайды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар