Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шетелдік тыңдармандары енді Димаштың қарындасы мен інісіне сыйлықтар жіберуде

Ата-анасы Димашқа мемлекет тарапынан қандай қолдау көрсетіліп жатқанын айтты. Мұнымен қатар, олар ұлдарының жанкүйерлерінің енді басқа балаларына да сыйлық жіберіп жатқандарын сөз етті.

Dimashi_140217

Бұл туралы Астана арнасының «Ел аузында» бағдарламасында айтылды.

«Адам сайысқа бірнәрсе алсам екен деп бармайды. Сол себепті, мұндай нәрсені мақсат етіп қойған жоқпыз. Ұлымыз үлкен шараға ұялмай қатысып, біз қуанып, мақтана алатындай дәрежеге жетсе екен деп ойладық. Әзірге сол деңгейге жеттік. Маусымның 27-сі күні ЭКСПО аясында концерті өтеді. Жалғыз өзіміз мұндай ауқымды шараны жүзеге асыра алмайтын едік. Мәдениет министрлігі қолға алып, өздері осы шараны ұйымдастырып жатыр. Біздің алған тапсырмамыз – әндерімізді даярлау, шеберлігімізді шыңдау. Өмірімізде жақсы адамдар өте көп кездесті. Осы сәтті пайдалана отырып, бізді жақсы көретін адамдарды, жақсы орта қалыптастырған жандардың барлығын да жақсы көретінімізді айта кеткіміз келеді. Бұрын да жасалып жүрген құрмет қазір күннен-күнге еселеніп, арта түсті. Қытай жанкүйерлерінің мәдениеті ерекшелеу. Көшеде танымайтын адамдар әртүрлі сыйлық беріп жатады», – дейді Қанат мырза.

Ал Света ханым өз кезегінде Димаштың жастайынан сахнаға әуес болғанын айтып жатыр.

«Осы жолы халықтан үлкен қолдау көрдік. Азық-түлік алу үшін жай дүкенге барғанымды тоқтатып, тілектерін айтып жатыр. Өзіміздің Ақтөбемізде танылдық. Кішкентай екі баланың өзіне Англиядан, Германиядан және Қытайдан ашық хаттар келіп жатыр. Оларға өте ұнайды. Мұны олар өте қызық көреді. Қызымыз Назарбаев зияткерлік мектебінде оқиды. Ол мектептің бағдарламасы басқа болғандықтан, біздің қолымыз шамалы босады. Таңертеңнен кешке дейін үйірмесі бар. Ал бұған дейін оны ағылшын тіліне, музыка мектебіне апарып жүрдік. Димаш 5 жасынан бастап сахнаға шықты. Сахнаны қатты жақсы көретіні соншалық, бізбен бірге иілуге шығып алатын. Ән айтпаса да, осы үрдістің өзі ұнайтын», – дейді Света Айтбаева.


Жіберіп алмаңыз:

Салтанат Қалиева көп балалы ана үшін жұрттан көмек сұрады

Айқын Төлепберген өзіне берілген қымбат сыйды көрсетіп мақтанды

Ақбота Керімбекова күйеуімен бал айын өткізуге шетелге кетті

Сәкен Майғазиев: Димаштың әлем әншісі болатынын білгенде, сэлфиді өзім-ақ жасар едім

Талқылау