Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шетелдік БАҚ Мұсаходжаеваны Сара Назарбаевамен шатастырып алды

Америкалық басылым қазақстандық скрипкашы Айман Мұсаходжаеваны Сара Назарбаевамен шатастырып алды.

gotovo

Голливуд актері Николас Кейдж бен Айман Мұсаходжаеваның бірге түскен суретін nydailynews.com америкалық сайты бірінші болып жариялады. Олар Айман Мұсаходжаеваны Сара Назарбаева деп жазған. Бұл сайттың қателігін байқамаған huffingtonpost.co.uk сайты да ақпаратты көшіріп басқан.

Николас  Кейдж суретке “Еуразия” кинофестивалі кезінде ұлттық киіммен түскен.

Әлемдік киноның жұлдызына айналған жаннан қазақ елі де сый-құрметі мен марапатын аяп қалмай, үстіне бағалы шапан жапқан.

Үстіне қазақтың шапанын киген Николас Кейдж интернетте жаппай әзіл суретке арқау болды.

Тағы да оқыңыз:

Голливуд жұлдызы Николас Кейдж қазақ киносына түсуге дайын екенін айтты

Голливудтың әйгілі актері Эдриен Броуди: Менің бұрыннан киіз үйде тұрғым келеді

Салтанат Бақаева күйеуінің өзіне қалай ұсыныс жасағанын айтып берді

Талқылау