Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шетелдік БАҚ қазақстандық сақалды әжейді «Ислам мемлекетінің» лидері ретінде көрсеткен

Еліміздің Түркістан облысының 70 жастағы тұрғыны Мұхтабар Тораева сақалды әжей ретінде белгілі. Алайда Иранда жарияланатын БАҚ-тардың кейбірі оны «Ислам мемлекетінің» лаңкестік топтарының лидері ретінде көрсеткен.

Мұхтабар Тораева

Сурет: Sputnik/Жансая Тәуекелқызы

Ирандық fararu.com, khabarban.com, tadbir24.ir басылымдары қазақстандық кейуананы «Ислам мемлекетінің» лидері ретінде қабылдап, Сирияның Иракпен шекарада орналасқан Әл-Букмал қаласына IRGC зымыран шабуылы жасалған кезде, «Ислам мемлекетінің» Әбу Әли әл- Машхадани есімді лидерлерінің бірі көз жұмғанын хабарлаған. Ал жаңалықтың суреті ретінде Мұхтабар Тораеваның фотосын қолданған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz.

Шетелдік БАҚ-та қазақстандық сақалды әйелді «Ислам мемлекетінің»* лидері ретінде көрсетілген

Шетелдік БАҚ-та қазақстандық сақалды әйелді «Ислам мемлекетінің»* лидері ретінде көрсетілген

Riafan.ru агенттігінің мәліметінше, 1 қазанда Иранның Сирияның солтүстік-шығысына зымыранмен шабуыл жасауы барысында, «Ислам мемлекеті» жоғары лауазымды лаңкестердің бірінен айырылған. Ол бұған дейін Ирактың Мосул қаласының ауданында қауіпсіздік басшысының қызметін атқарған. Одан бөлек зымыран соққысы барысында шамамен оны жихадшы қаза тапқан.

Шетелдік БАҚ-та қазақстандық сақалды әйелді «Ислам мемлекетінің»* лидері ретінде көрсетілген

Аталған ақпараттың Мұхтабар Тораеваға қалай әсер ететінін айту қиын. Сонымен қатар кейуананың өзге мемлекеттегі қанды шайқастың қатысушысына айналғаны туралы білетін-білмейтіні әзірге белгісіз.

Айта кетсек, сақалы 15 сантиметр болатын түркістандық әжей бетіндегі түгімен танымал болған еді. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау