Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шенеуніктер қымбат жаңажылдық сыйлық алғаны үшін жауапқа тартылады

Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының орынбасары Алик Ішпекбаев елдің мемлекеттік қызметкерлеріне Жаңа жылға қымбат сыйлықтар алғаны үшін жауапқа тартылатындығын ескертті.

1141375

Фото: Владимир Песня

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

“Мемлекеттік қызметкерлерге сыйлық алуға заңмен тыйым салынған. Жаңа жыл алдында мемлекеттік қызметкерлерге тағы бір рет ескерткіміз келеді. Бизнес тарапынан басшыларға, шенеуніктерге құттықтаулар жолданатыны бәрімізге түсінікті. Ол қоржындардың қанша тұратыны да белгілі. Олар 2 АЕК көлемінен асып кетеді”, — деді Ішпекбаев сейсенбі күні сенат депутаттарымен кездесу барысында.

Ішпекбаев еске сала кеткендей, қазіргі нормаларға сәйкес, сыйлықтың құны 2 АЕК-тен асып кететін болса, параға жатады.

Оқи отырыңыз:

Депутаттар «Нұрлы жер» бағдарламасында бір қауіптің барын айтты

Мәслихат депутатын соққыға жыққан Мұхтар Тінікеев ауруханаға түсті

Министр 16 желтоқсандағы әлеуметтік желілердің істен шығуына қатысты пікір білдірді

Нұрсұлтан Назарбаев Астананың құрылысы үшін түн ортасында 50 млн доллар іздеген

Талқылау