Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр 16 желтоқсандағы әлеуметтік желілердің істен шығуына қатысты пікір білдірді

ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев, 16 желтоқсан күнгі әлеуметтік желілер мен YouTube видеохостингінің шектелуі Мұхтар Әбілязовтың сұхбатына қатысты емес деп мәлімдеді.

abaev-2-e1462534710230

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

“Жоқ, бұл Әбілязов берген сұхбатқа байланысты емес. Бұл телекоммуникация желісіндегі техникалық ақау. Мұндай жағдай тоқсан сайын қайталанып тұрады. Тек бұл 16 желтоқсанға тура келіп қалғандықтан осындай резонанс тудырып жіберді, – деді Абаев сейсенбі күнгі үкімет отырысынан кейін.

Қазақстанда әлеуметтік желілерге кіру мүмкіндігінің шектелуі жұма, 16 желтоқсан күні басталған болатын. Негізінен, жекелеген стационарлық және мобилді құрылғыларда Facebook, Instagram, Twitter, ВКонтакте, YouTube желілері ашылмай қалған. Ал сенбі күні жағдай біртіндеп ретке келе бастайды.

Ал Мұхтар Әбілязов 16 желтоқсан күні Киевте Youtube арқылы тікелей эфирде сұхбат берген. Өз кезегінде Қазақстанның Бас прокуратурасы қашқын олигархтың ісін сотқа дейін жеткізуді көздеп отыр. Сондай-ақ, бұрынғы банкирді тек Қазақстан ғана емес, Ресей Федерациясы, Европаның бірқатар елдері де іздеп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Балабақшадағы желтоқсан оқиғасы туралы қойылым қазақстандықтарды шошытты (видео)

Ақтөбеде бейтаныс жігітпен өткізген түн тұрмыстағы келіншек үшін сәтсіз аяқталды

Алматылық бойжеткен көлігімен полицейді қағып кетті (видео)

Марқұм ұлының еміне жиналған 7 млн теңгені анасы өзге науқастарға таратып берді

Талқылау