Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балабақшадағы желтоқсан оқиғасы туралы қойылым қазақстандықтарды шошытты (видео)

Балабақшалардың бірінде тәрбиеленушілер желтоқсан қасіреті туралы қойылым ойнайды. Онда желтоқсан оқиғасының басты қатысушысы Қайрат Рысқұлбековтың тағдыры суреттелген.

87878

Онда 4-6 жас аралығындағы балалар өзара рөлдерді бөлісіп, қойылым қойған. Бірі Қайрат болса, бірі тергеушінің, ал енді бірі тәртіп сақшысының рөлін атқарады. Бейнежазбаны Инстаграмдағы ZTB парақшасы жариялаған.

Басты кейіпкердің рөлін сомдаған бала

“Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар,

Еркек тоқты құрбандық,

Атам десең атыңдар”, – деген көпке әйгілі өлеңді оқиды. Мұнан кейін ата-аналардың бірі Қайраттың анасының рөлін ойнап шыққан.

Алайда желі қолданушыларының басым бөлігі, балаларға мұндай қиын образдарды беруге болмайды дейді. Олар мұндай қойылым бала санасына ауыр тиеді деген пікірде.

Желтоқсан оқиғасы. Балабақшадағы бөбектердің көзімен

Видео опубликовано 🇰🇿© ZTB.KZ 2016 (@ztb_video)

“Оларға бұл жағдайды білу үшін, әлі тым ерте емес пе”, “Олар ештеңені де түсініп тұрған жоқ”, “Балалардың психологиясын өзгертетін, ауыр тақырыпты қозғамау қажет. Қазірден қатігездікті таныған бала кім болары белгісіз” деп пікір білдіреді.

Бірақ, оларға қарсы шығып балабақша саясатын қолдаушылар да табылған. “Отансүйгіштікке осындай бала кезден бастап баулу керек! Əйтпесе бала өскенде “свалить бы отсюда” деп тұрады. Ондайлардын талайын көрдім. Шетелде жүр 200 доллар тапканына мәз боп” дейді бір қолданушы. Бұдан өзге “Дұрыс, бала тәрбиесі бесіктен басталады”, “Жарайсыңдар, кішкентайынан миларына тоқып алуы тиіс”, “Тамаша…тəуелсіз елдің ұрпақтарының тарихын қастерлеуі мақтан тұтарлық” деп жазады бірқатары.

Оқи отырыңыз:

Атыс кезінде жараланып, төсекке таңылған полицейге медаль берілді

Букмекерлік кеңседен ірі ұтысын ала алмаған алматылық жігіт Рамзан Қадыровтан көмек сұрады

Ғаламторда қазақтың «естен тандырарлық» тойы туралы ролик тарады (видео)

Қазақстанда жаман жолмен ақша табатын интернет-дүкендер белгілі болды

Талқылау