Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шайа ЛаБаф өз тойында үнемдеді

Лас-Вегас (АҚШ, Невада штаты) қаласында актер Шайа ЛаБаф пен актриса Мия Готтың үйлену тойы болып өтті. Жұлдызды жұп тойға небәрі 700 доллар жұмсаған.

актер актриса

Американдық кино жұлдыздарының некесін әнші Элвис Преслидің костюмін киген адам қиды. Одан бөлек, тойға гавай биінің орындаушылары шақыртылған. Актерлерді шіркеуден Cadillac маркалы қызғылт кабриолетпен алып кетті. Жұбайлар бал айын қайда өткізетіндерін шешкен жоқ, деп хабарлады TMZ.

ЛаБаф «Трансформеры», «Индиана Джонс и Королевство хрустального черепа», «Нимфоманка», «Ярость» фильмдеріндегі образдарымен танымал. Ал бүкіл әлемге оны «Паранойя» (2007 жыл) фильміндегі басты рөлі танытты.

22 жастағы Мия Гот актермен бірге «Нимфоманка» фильміне түскен болатын. Одан бөлек, актриса «Эверест» кинотуындысында ойнаған.

Айта кетейік, танымал модель Кейт Мосс пен фотограф Николай фон Бисмарктың Греция елінде той өткізетіндері белгілі болған еді. 42 жастағы модель мен 29 жастағы Отто фон Бисмарк неміс империясы канцлерінің шөпшегі некелерін Рождество мерекесі қарсаңында заңдастыруды жоспарлап отыр.

Жіберіп алмаңыз: 

Серік Ибрагимовтің келіншегінің бетін Төреғали Төреәлі ашты (фото, видео)

Гүлнұр Оразымбетова: Төреғали бала күнінен менің жанкүйерім болған

Студияда ән салып тұрған Қалаубаева Жолдасовтың темекі шегіп тұрғанын видеоға түсіріп алды (видео)

Дәретханаға кезек күтіп тұрған танымал әзілқойдың әні ғаламторды «жарды» (видео)

Талқылау