Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Шай мен тамақты қыз құсап ішейік": Гаухар Әлімбекова өзін жігіт қауымының қалай ұялтатынын айтты

Танымал қазақстандық әнші Гауһар Әлімбекова өзінің қатал тәрбие алып өскенін айтты. Сондай-ақ, ол көпке дейін ұл бала болып тумағаны үшін өкініп келгенін де жасырмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия арнасының «Қалаулым» бағдарламасына сілтеме жасап. 

Гаухар

"Бізде қазақ халқы көп нәрсеге тыйым салады. Әдетте жігіттерге көп тиісе бермейді, ал қыздарға қырық үйден тыйым дейді. Баяғыда анам марқұм өте қатал болатын. Сәл бірнәрсе болса, "Өй, не істеп жатырсың?" деп сұрайтын. "Қыздарды қатал ұстау керек" деп айтатын. Мені тым қатал ұстап жіберген сияқты", - дейді Гауһар Әлімбекова. 

Әрі қарай әнші осы күнге дейін ұл бала болуды армандап келгенін айтты. Себебі, ұлдардың арасында еркекшора болып өсіп, осы мінезі үшін көпшілік оны ұялтататын болған екен. 

"Қазір сол қатал ұстағанның пайдасы тиіп жатыр. Ертерек бойжетіп, Алматыға оқуға барып, шіркін, өнер жолына түссем деп армандадым. Ағаларым да кішкене қаталдау болды. Әсіресе, қазір осы залда отырған Әзімхан деген ағам. "Шай мен тамақты қызға ұқсап ішейік" деп ұялтатын. Алты ұлдан кейін қыз болып туғандықтан, сондай нәзік болмадым. Қазір ғана нәзік болып жүрген шығармын. Осы күнге дейін анама "Неге мені ұл қылып туа салмадыңыз" деп ренжіген де болатынмын. Ал қазір қыз болып туғаныма өкінбеймін", - деп күлді әнші. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр