Шахан апатына кінәлілер түрмеден құтылып кетті
Шахан трагедиясына жол берді деп айыпталған шенеуніктер шынайы жазадан сытылып кетті. Кент әкімі, оның орынбасары мен Шахтинск әкімдігінің 3 маманы 2 жарым жыл шартты жаза ғана арқалап отыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

Бұған сотта тағылған айыптың өзгеруі себеп екен. Арты қайғыға әкелген жағдайдағы әрекетсіздік деген бап, байқамай немқұрайлық танытты бабына аукысқан. Сөйтіп, айыпталушылардың сот және прокуратурамен келісімге келулеріне байланысты шартты жаза кесіліпті. Шенділер құтылған істе енді тек пәтер иелері комперативінің жетекшісі қалды. Оған да жақын арада үкім шығуы тиіс. Естеріңізге салсақ, осы жылдың 1-ші қаңтарында 5 қабатты үйдің жөртөлесіндегі қазандық жарылып, бір подьезд құлаған болатын. Салдарынан 9 адам үйінді астында жан тапсырды.
Жіберіп алмаңыз:
ҰБТ дауы: Талапкерлер грант тізімінде болғанымен, студенттер қатарында болмай шықты
Қазақстандық ауыр атлет Денис Уланов Универсиада «алтынын» ұтып алды
25 мың теңгелік автотұрақ: Көк Төбеде туристер есебінен кім табыс тауып отыр?
Парктің әкімшілік басшысы Фархат Уәлиев парк жұмысына қатысты сын негізсіз екенін айтады
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"