Шүкенов атындағы «Отан-Ана» байқауының жеңімпаздары белгілі болды

Жұма, 29 Сәуір , 2016 11:12

Екі күнге созылған ән сайысы шынайы таланттарды анықтады. Қарағандылық Ербол Тәжібаев гран-при иегері атанды. Дәурен Оразбеков, Әлібек Шәкеновтер бірінші орын алды.

image

Фото: el.kz

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

26-28 сәуір күндері тұңғыш рет Қызылорда қаласында әнші-композитор Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған «Отан-Ана» республикалық әншілер байқауы өтті. Конкурсты өткізуге Қызылорда облыстық әкімдігі қолдау білдірді.

Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 18-30 жас аралығындағы әншілер қатысты. Жас таланаттардың байқауда өнер көрсету реті жеребе арқылы таңдалды. Оларға Батырханның «Аманат» ән-жинағы сыйға берілді.

Олар байқаудың бірінші кезеңінде еркін тақырыпта ән салса, екінші кезеңде Батырхан Шүкенов репертуарынан міндетті бір әнді орындады.

Жыл сайын елімізде түрлі ән мен өнер байқауы өтіп жатады. Ал бұл жолғы ән додасының басты ерекшелігі – әншілерге минусовкада бэк-вокалды қолдануға рұқсат берілмегендігі.

Әділқазылар алқасы құрамында Қазақстанның халықәртісі Роза Рымбаева, композитор-музыкант Наджиб Вильданов, композитор-дирижер Яков Хан, композитор Рамазан Тайманов, әнші Мәдина Сәдуақасова сияқты өнер иелері төрелік жасады.

«Отан-ана» байқауын ұйымдастырушылар мен қатысушылар қызылордалықтардың есінде тағы бір қырымен қалды. «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын». Дәл осындай ұстаныммен олар Тұңғыш Президент саябағында ағаш отырғызып, қаланы көркейту жұмысына қатысты.

Байқау лауреаттары 28 сәуір күні Гала концертте өнер көрсетті. Концертті облыс басшысы да тамашалады.

Батырхан Шүкенов – танымал музыкант, әнші-композитор, Қазақстан және Ресей эстрадасында өзіндік орнын қалыптастырып кеткен талант иесі. Ол ел есінде өзінің жарқын жүзімен, жүрек тебірентер әндерімен қалды. Саксофонда ойнап, продюсерлік қырымен де танылды. Оның қайталанбас таланты талай жасқа үлгі болды.


Оқи отырыңыз:

Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған «Отан-Ана» байқауы өтеді

Екатерина: Батырдың анасы мұрагерлікті біздің атымызға заңдастырмай отыр

Батырхан Шүкеновтың табынушылары наразылық білдіріп жатыр

Шүкенов: Арманым – туған қалама оралып, ел алдында ән шырқау

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
17.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар