Шүкенов: Арманым – туған қалама оралып, ел алдында ән шырқау

Бейсенбі, 28 Сәуір , 2016 11:12

“Ей, өмір-ай!” деп шырқап жүрген Батырдың өмірден кеткеніне бүгін бір жыл толды. Әншінің көзіне сүйгеніне жетпей қалған ғашық сияқтанған уақыт өтті де кетті. Енді халық оның есімін атағанда “марқұм” сөзін де амалсыз айтуға мәжбүр. Әнші 2015 жылдың 28 сәуірінде жүрек талмасынан қайтыс болды.

image

Фото: stars.moscow

Барша жұртты жоқтатып, өз уақытын тоқтатып кеткен Батырхан Шүкеновтың арамыздан мәңгілік сапарға аттанғанына бүгін бір жыл толды. Әншіні жоқтағандардың арасында қалың қазақ қана емес, Ресейдің танымал жұлдырдары да болды. Олар да әншінің шын талант екенін мойындап, жылы сөздер айтты. Туысқандарына көңіл білдірді.

Батырхан Шүкеновтың қайтыс болғанын өзінің әріптесі, “А’Студио” тобының бұрынғы солисі Кети Топурия хабарлады. Ол әншінің суретін жариялап,  қасына “R.I.P” деп жазып қойған-ды. Бұдан кейін қазақ эстрада әншілері де жақындарына көңіл айтып, жұртты жұбатты. Қаралы хабарды естіген жұрт есеңгіреп қалды. Артынша Республика Сарайының алдына жиналып, соңғы сапарға аттандырды. Барлық өлеңін тыңдармандары қатар тұрып шырқады.

87a49f4c72fa8892242810cb16761058

89005900f775011257f6374b8c118eea

Сәкен Майғазиев: “Сенгiм келмейдi… Қазақ эстрада саласын сан сатыға көтерген алтын ағамыздың жаны жәннатта болғай. Бiздiң жадымызда жылы жымиысыңызбен ғана сақталатын боласыз, Батыр аға”.

Лидо: “Мен жылап отырмын… Сенгім келмейді, қайта жылаймын… Оны жақсы көремін және ешқашан ұмытпайтын боламын!”

Жанар Айжанова: “Халқына бергенінен берері көп, өз болмысы өзіне ғана тән қоңыр дауыстың төресі, халқының көзайымы тағы бір Батырхандай ағамыздан айрылдық. Ағайын-туыс, ел-жұртына көңіл айтамыз”.

Гүлнұр Оразымбетова: “Сізбен мақтандық! Өнерге қадам басқан қанша жас сізге ұқсағысы келді. Сіз орындаған әндерді талай конкурс пен кастингте орындап үлкен сахнаға қадам басты. Қалайша? Сенбеймін! Сырдан шыққан Батыр аға”.

4a28a42d57c2157f96c5fc3f799f00a9

722a62e7e0df9b3e930514edfcf65158

Қарақат Әбілдина: “Дүние қандай опасыз десеңші! Кеше ғана ортамызда жүрген адам бүгін жоқ. Қашан көрсең де жылы жүзімен айналасына шуағын шашып жүретін Батырхан Шүкенов ағамыздан айырылып қалғанымызға сене алмай отырмын. Жаны жәннатта болсын! Барша қазақ жұртына қайғырып көңіл айтамын!”

Жұлдыз Өмірғали: “Мен оны жақында ғана алғаш рет көрдім. Және сол соңғы көруім болғаны өкінішті. Жатқан жері жайлы, иманы жолдас болсын”.

Бүркіт: “Батырхан біздің ағамыз, біздің досымыз! Сен ана әлемге аттандың… Аза тұтамын, аға! Мен саған жақында ғана әскердегі кездегі сенің “Нелюбимая” әніңді таңертең шылым шегіп тұрып радиодан тыңдап, бөлімшенің терезесінен қараған күйі жақындарымды еске алатынымды айтып едім ғой… Ал бүгін сен енді бізбен бірге емессің… Сондай өкінішті…”

fadc2c166ef65f2366a56ae6b81406b1

RU.TV каналының музыкалық жүлдесін иеленіп, “Жыр артисі” атағын жеңіп алған Валерий Меладзе өзінің жеңісін Батырханға арнады. Валерий мен ағасы Константин Батырхан Шүкеновпен етене жақын араласып, дос болған. 1995 жылы Батырхан “Сэра” өлеңіне арнап соло ойнаған екен.

“Тыңдармандарыма алғыс айта отырып бұл жеңісімда Батырхан Шүкеновке арнаймын. Ол секілді артист болған емес және болмайды да”, – дейді Меладзе.

Соңынан тек жақсы сөз ерген Батырхан Шүкеновтің де көзі тірісінде айтқан көкейге қонымды дәйексөздері көп.

“Мен айналамызда жүзеге асып жатқанның тек жақсысын көргім келеді. Әр адамның өмірінде өзі айтуға қатты ұялатын сәттері болады. Ешкім де мінсіз емес, жолы түрлі кедергіге толы. Ең бастысы, кешірім сұрап, кешіріп, дұрыс шешім қабылдай білу қажет. Және жүрекке кек сақтамастан ары қарай жылжудың мәні зор”.

“Атақтылардың бірі “Алғыс дегеніміз – жүрекке жазылған естелік” деп айтқан екен. Өмір атты ұзақ жолда менің адам ретінде, музыкашы ретінде қалыптасуыма септігін тигізген барша жанға алғыс білдіріп, олардың әр сөзін жүрегімде сақтаймын”.

12917853_208831402841822_1202265901_n

“Меніңше, ғашықтың сезімі адамның жүрегінде мәңгілік өмір сүреді. Адам бір адамды ғана сүйген кезде, өзге ешкімге назар аудармауы мүмкін. Махаббатсыз жыныстық қатынасқа түсуге бола ма дейсіз бе? Иә, мен әзір де әйелге деген құштарлықты сезінемін. Алайда сезімге ессіз беріліп, аласұратын уақыттан әлдеқашан өтіп кеттім. Кейде барлығын бір-ақ  сәтте ұмыта салғым келетін кездер болады. Сүйгені бар адамдарды жарынан өзге ешнәрсе де қызықтырмайды”.

“Әркім өзінікін дұрыс деп ойлаған кезде арада түсініспеушілік тууы мүмкін. Десе де, қарсы алдыңда тұрған адамға сөзіңді байыппен түсіндіріп, қолдау көрсетіп, оған өз жолыңды берсең, содан артығы болмайды! Ер адамның таңғы ас әзірлеп, гастрономға барып, үй шаруасына көмектескенінде тұрған не бар? Ең бастысы, мұны сүйген адамың үшін жасау”.

“Менің бәрінен де нені қаттырақ қалайтынымды білесіздер ме? Өзімнің туған еліме келіп, “Алма-Ата, сәлем” деп достарым мен тыңдармандарымның басын қосып, жүректен шыққан әуендерімді оларға тарту еткім келеді”.

Өкінішке орай, әншінің бұл арманы толық орындалмай кетті. Десе де, халықтың жүрегінде мәңгі өмір сүріп, әндерінің әрдайым айтылары хақ.


Оқи отырыңыз:

Қызылордада Батырхан Шүкеновті еске алу кеші өтті (фото)

Батырхан Шүкеновтың ағасы халыққа өтініш айтты

Мәскеуліктер Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған концерт өткізеді

Әли Оқапов Батырхан Шүкеновпен бір кездері бастаған ортақ жұмысы туралы айтты

Алматыда Батырхан Шүкеновтің «Аманат» альбомының тұсауы кесілді

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар