Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Серік Ибрагимовтің экс-продюсері кандидаттық диссертация қорғамақ

Белгілі отандық продюсер Алтынбек Рахметов кандидаттық диссертация қорғамақ. Рахметовтің ғылыми жұмысы продюсер қызметін ұйымдастыру тақырыбына арналған, деп хабарлайды Stan.kz.

“Педагогикадан емтихан! Одан кейін «Жоғары оқу орындарында педагог-продюсер қызметін ұйымдастыру негіздері» тақырыбында диссертация қорғаймын. Көп зерттелмеген әрі күрделі тақырып… Қолымнан келеді және педагогика ғылымдарының докторы боламын деп үміттенемін! Менің алғашқы білімім педагогикалық, продюсер деген – ол да ұстаз. Маған сәттілік тілеп қойыңыздар”, – деп бөлісті ол.

Айта кетейік, бірер күн бұрын әнші Тамара Асар философия ғылымдарының докторы атанған еді.

Жіберіп алмаңыз:

Жалаң аяқ лезгинка билеген Жанар Айжанова желіні “жарды” (видео)

Мақсат Мұхитденов қызын сынағандарға тағы да жауап берді

Журналист Баянның фильмі жайында: Киемен ойнауға болмайтынын, киенің ұратынын ойлау керек еді

Тамара Асар алғаш рет өмірін өзгерткен жол апаты жайлы айтты

STAN.KZ
Сәрсенбі, 10 Қаңтар, 2018 09:57
Талқылау