Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Серік Ахметовтің не себепті бостандыққа шығатыны белгілі болды

Серік Ахметов 21 қыркүйекте түрмеден шығады. Бұрынғы премьер-министрдің өтелмеген жазасы бас бостандығын шектеу жазасымен алмастырылды.

947d0820e27e848f6d3faf29068753fa-big

Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, заң бойынша сотталушы қылмыстық әрекеті салдарынан келген шығынды толық қайтарған жағдайда әрі өзіне белгіленген бас бостандығынан айыру мерзімінің кемі үштен бірін өтеген болса, сот оның жазасын жеңілдендіре алады.

Одан бөлек прокурор мен қылмыстық-атқару органы әкімшілігінің де пікірі ескеріледі. Серік Ахметов түрмеде өзін жақсы жағынан көрсеткен. Ол барлық талапты орындап, колонияның қоғамдық өміріне белсенді түрде араласқан. Сонымен қатар өз қылмысы әсерінен мемлекетке келтірген шығынды толығымен өтеген.

Осы себепті сотталушының қалған жаза мерзімі бас бостандығын шектеумен алмастырылды. Үкім осы 21 қыркүейекте заңды күшіне енеді.

Тағы да оқыңыз:

Павлодарда бұрынғы полицей өз қыздарын бірнеше жылдан бері зорлап келген

Таразда елдің үрейін ұшырған қанішер адамдарды өлтіріп, денесін қала шетіне көміп кетіп отырған

Маңғыстауда әуелі сүйген қызын, артынша өзін атып өлтірген жігіттің әріптесі сотталды

Талқылау