Таразда елдің үрейін ұшырған қанішер адамдарды өлтіріп, денесін қала шетіне көміп кетіп отырған

Сәрсенбі, 6 Қыркүйек , 2017 10:01

Таразда екі жыл бойы облыс тұрғындарын үрейде ұстаған қанішер Андрей Малько 19 жылға сотталды. Қолын қанға бояған қылмыскер бірнеше адамды өлтіріп, денесін қала шетіне көміп кетіп отырған.

muzhchina_kapyushon_6223

Қолға түскен қанішердің кісі өлімінен басқа пәтер тонау және ұрлықпен айналысқаны анықталды, деп хабарлайды 31 арна. 

Ол өткен жылы өзінің бөтелкелесін өлтіріп, мәйітін қала шетінен 2 шақырым жерге көміп, із суытып қылмыстық әрекетін жалғастыра берген. Тұрақты тіркеуде жоқ қаңғыбас көпқабатты үйлердің жертөлесінде жасырынып, иесіз үйлерде түнеп жүріпті.

Кейін аулада тұрған велосипедті қолды етіп, шағын цехқа жұмысқа тұрады. Бірақ адам өлтірген қанды қол онда да әріптесін пышақтап тастайды. Осылайша қауіпті қылмыскер іздеуде жүріп-ақ кісі өлтіруді әдетке айналдырған. Тәртіп сақшылары қанішерді тек осы жылдың сәуір айында қаладағы үйлердің жертөлесінде жасырынған жерінен қолға түсірді.

Тағы да оқыңыз:

Көпшілік жалған айтып еміне ақша жинап жүр деп сенбеген актриса сол дерттен көз жұмды

15 жыл бойы төсекке таңылған Алматы облысының тұрғыны халықтан көмек сұрайды

Алматы облысында 10-сынып оқушысы жүкті болып қалды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар