Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сергей Лазарев өзінің сахнада құлап қалғаны үшін халықтан кешірім сұрады (видео)

Ресейлік әнші Сергей Лазарев өзінің Инстаграмдағы парақшасында Санкт-Петербургтегі концертінде неліктен құлап қалғанын айтып беріп және өзінің фанаттарынан концертінің маусымға ауыстырылғаны үшін кешірім сұрады.

lazarev2

Сурет kto-zhena.ru

“Құрметті достар! Кешегі Питердегі концертімде болған жағдайға өзім де таңқалып отырмын! Мен сондай жауапты концертте организмім соншалықты әлсіреп кетеді деп ойламадым. Соңғы кездері мен гастрольдік сапарларда жүрмін әрі театрдағы спектакльдерге дайындаламын, Евровидениеге де қызу дайындық жүріп жатыр, осының барлығы мені аздап шаршатса керек. Бұл денсаулыққа барынша жақсылап көңіл бөлу қажет дегенді білдіреді”, – деп жазды ол Инстаграмдағы парақшасында.

Сондай-ақ, әнші Санкт-Петербург және Таллиндегі жанкүйерлерінен концертінің маусым айына ауыстырылғаны үшін кешірім де сұрады. Еске сала кетсек, Лазаревтің Таллиндегі концерті 4 маусымда, Ал Санкт-Петербургте 9 маусымда болады.

Әнші “Евровидении-2016” байқауында да Ресейдің атынан қатысады. Конкурс 10-14 мамыр аралығында Стокгольмде өтеді.

Талқылау