Сергей Безруков қазақстандық науқас қызға көмектесу үшін өз портретін сатты

Жұма, 21 Қазан , 2016 12:25

Ресейдің халық әртісі Қазақстандық науқас балаға көмектесу мақсатында қолтаңбасы қойылған өз портретін сатты.

20161021093000

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Талантты әртістің портретін алматылық Айман Андаспаева 305 мың теңгеге сатып алған. Ақша дәрігерлер қатерлі ісік деген диагноз қойған екі жасар Әдемі Қуанышбекті емдетуге жұмсалмақ. Әдеміні қазіргі таңда Оңтүстік Кореядағы “Северанс” клиникасында емдету үшін қыздың ата-анасына 423 мың доллар қажет. Қазір 91 286 доллар жиналған.

Өзінің портретін аукционға қойған Сергей Безруков барша жомарт жандарды қызға көмек көрсетуге шақырған еді. “Бірнеше жыл бұрын мен Қазақстанда балаларға арналған “Шынайы ертегі” атты фильмімді таныстырып кеткен едім. Бұл Әдеміге керекті қаражаттың жиналуына септігін тигізеді деп ойлаймын. Бәріміз жұмыла көмектесейік. Ең бастысы сену керек, бәрі жақсы болады. Кәнекей, бәріміз соған сенейік”, – дейді актер.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
1 ай 14 күні кері

Алла,жар болсын наукас балага,денине саулык,дертине шипа,басынын амандыгын берсин Аумин! Сергей, нагыз ер Азамат.

Анонимно
1 ай 14 күні кері

Алла, жар болсын наукас балага,дертине шипа,басынын амандыгын берсин.Аумин! Сергей нагыз азамат жигит.

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
08.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар