Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сені жақсы көремін: Динара Сәтжанды құттықтаған Тұрсынғали Алагөзов желіде қызу талқыға түсті

Тұрсынғали Алагөзов танымал тележүргізуші Динара Сәтжанның туған күніне ерекше құттықтау жолдады. Динараға мақтау сөздерін жаудырып, жақсы көретінін айтқан Алагөзовті көпшілік теріс түсініп қалды, деп жазады Stan.kz тілшісі.

Сені жақсы көремін: Динара Сәтжанды құттықтаған Тұрсынғали Алагөзов желіде қызу талқыға түсті

“Туған күніңмен, Динара! Саған таңырқамаған күнім болған емес. Дос болғанымыз үшін саған рақмет! Сен ерекше адамсың: жас, энергияға толы, жігерлі. Осы қалпыңда қалып, айналаң тек мейірімді адамдарға толы болсын дегім келеді.

Барлық уайым-қайғы шетте қалып, қиыншылықтардан жаңа идея туып, жауларың достарыңа не жақтастарыңа айналсын. Сен мықтысың! Мен сені жақсы көремін әрі өте құрметтеймін”, – деп ақ тілегін білдірді Тұрсын Алагөзов.

Желі қолданушыларының бірі Алагөзовке “әйелқұмар” деп баға берсе, ендігілері тым ашық сезім білдіргені үшін сынаған.

“Мынадан кейін Баян үйіңнен қуып шықпасын”, – дейді оқырмандардың бірі.

“Әйел мен еркектің арасында ешқандай да достық болмайды, ол сізге ұнайды немесе ұнамайды. Бірдеңе жазбас бұрын ойланыңыз, жарыңызды ренжіткіңіз келмесе”, – деп пікірін білдірді екіншісі.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау