Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сен премьер-министр боласың: Назарбаев ұстазының сөзін есіне алды

Президенттің Телерадиокешені Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың мектеп кезіндегі өміріне арнап түсірілген деректі фильмнің үзіндісін жариялады, деп жазады Stan.kz ақпараттық  агенттігі.

Сен премьер-министр боласың: Назарбаев ұстазының сөзін есіне алды

Деректі фильмде Назарбаев болашаққа жол сілтеген ұстазы Дмитрий Погорелов туралы әңгімелейді.

«Бұл маған болашаққа жол ашқан адам. Осында қол жеткізгеннің бәрі менің кейінгі өмірім үшін негіз болды деп сеніммен айта аламын. Ол әрқайсымызды нақты сипаттап бере алатын. Кімнің неге қабілетті екенін жақсы білетін. Ол әрқайсысына мұқият қарап шығады да, кенеттен: «Сен жігіт, инженер боласың, ал сен цехтың бастығы боласың. Ал саған Нұрсұлтан премьер-министр болу керек» деп айтқан болатын», – деп есіне алды Нұрсұлтан Назарбаев.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау