Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семіздіктен зардап шегетін әйелдерге қарағанда ерлер көп көз жұмады

Артық салмақ қосып семіздікке шалдыққан ер адамдар әйелдерге қарағанда үш есе артық өлім қаупіне ұшырайды екен.

13317388

Сурет budetbaby.ru

Бұл туралы BBC орыс қызметі хабарлайды.

Әлемнің әр түкпірінен жиналған ғалымдар тобы бүкіл әлем бойынша 189 зерттеуді қарастырады. Оған жалпы саны 4 миллионға жуық адам қатысқан.

Ғалымдар жариялағандай семіздік Европа мен Солтүстік Америкада қазірде темекі шегуден кейін өлімге апаратын екінші қауіп ретінде тіркелген.

“Европадағы мерзімінен бұрынғы әрбір жетінші өлім және Солтүстік Америкадағы әрбір бесінші қайғылы жағдай қазіргі таңда артық салмақ және семіздікпен байланысты”, – дейді профессор ричард Пето.

Орта есеппен семіздіктен зардап шеккен адамдар қалыпты салмақтағы адамдардан үш жыл бұрын көз жұмады екен. Ал жағдай тіпті күрделеніп кетсе өмірі 10 жылға дейін де қысқаруы мүмкін.

Артық салмақтан арыла алмай жүргендей жер бетіндегі адамдардың 30 пайызын құрайды екен. Бұл шамамен 2,1 млрд адам деген сөз.

Талқылау