Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кешірші мені, қызым: Семейлік жас ана 6 жасар қызының өліміне кінәлі жанның жазаға тартылмағанына наразы

Қызымды автобуспен қағып кеткен жүргізуші бостандықта тайраңдап жүр. Ел-жұрттың бәрі дәл сол жүргізушінің марқұм Дильназды соғып өлтіргеніне сотта куәгерлік еткен.

Семейлік жас ана алты жасар қызының өліміне кінәлі адамның жазаға тартылмағанына наразы

Тіпті, саяжайға қатынайтын қоғамдық көлікті тізгіндеп, көзіме күйік болды деп ашулы.

Алайда, тыңдалымнан соң, үкім оқылмады дейді. Жеті айдан бері кінәлілер анықталмай, бүтін бір ауыл автобусқа отырудан үрейленіп қалған. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Жеті айдан бері өзегін өртенген өкінішті қызының бейітіне барып басатын ана бүгін тағы келді. Бірінші сыныпқа жетектеп апарар уақытта қабіріне қатынап, құран оқытып жүрмін деп жылауда. Былтыр жазда аулада ойнап жүрген баламды қоғамдық көлік қағып кетті дейді. Арада жеті ай өтсе де, ол жауапқа тартылмаған. Керісінше, сол жүргізуші дәл сол автобусты тізгіндеп, өзімді қорқытады деп ашулы.

“Абылқасымов Фархад деген кісі әлі бостандықта. Түк те іс қозғалған жоқ. қалай жүреді ол? Бала өлтірді ғой ол. Жай ғана нәрсе емес, бала” – дейді марқұмның анасы Назерке Күлсейітова.

Бабровка саяжайына бар жоғы екі-ақ автобус қатынайды. Белгіленген жол болмағандықтан, «қайдан құлақ шығарса қазаншының өз еркі» деп өздеріне ыңғайлы жермен жүреді, дейді тұрғындар. Тіпті, бір емес, бірнеше бала қоғамдық көлік астына түскенін айтады. Ал, марқұм Дильназды соққан жүргізушіні көргендерінде төбе шаштары тік тұратынын айтады.

“Міне осы жерде көрген балалар солар 48 автобусқа отырмайды. Кісі өлтірген адам әлі жүргізеді деп. Осылардың көзіне көрсетпей қоятын жағдай жоқ па?” – дейді Семей қаласының тұрғыны Дәулет Мамырбеков.

Ал, автопарк өкілдері жүргізушінің кінәсіз екені дәлелденгенін алға тартты. Яғни, бүлдіршінді қағып кеткен азамат тергеуден соң босатылған. Оның көлік жүргізуіне шектеу де қоймапты. Сондықтан, жазатайым болған жағдай деп қайта жұмысқа қабылдағандарын айтады.

“Сараптама нәтижелері шыққан соң, ол жүргізуші өз жұмысына қайта келді. Әрине, оны жұмыстан босататындай еш құқымыз жоқ. Ол кінәлі емес. Қайта, №48 автобустан, №20 автобус бағыта ауыстырдық. Осы қайғыдан қан жұтып отырған отбасына ауыр болмасын деп” – дейді “Автомегди” ЖШС кадр бөлімінің маманы Светлана Блеко.

Ал, саяжай жұрты көршілерінің қабырғасын қайыстырып зар жылатқан жүргізушіні мүлдем көргісі келмейді. Қызынан айырылған ана да әділдік іздеп жүр. Баршаға ортақ заң шалғайда орындалмай ма күмәнданады. Енді қандай сараптама жасалса да бәрібір перзентінің өліміне себепкер болған адам жазалан алса дейді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау