Семейлік келіншек өзін тастап кеткен еркекті алдап шақырып, бензинмен өртеп жіберді

Дүйсенбі, 14 Желтоқсан , 2015 8:31

Семей тұрғыны сүйіктісін бензинмен өртеп жіберді. Өртенген азаматтың өз отбасы болған. Ол шаштаразда жұмыс істейтін келіншекпен танысып біраз уақыт көңіл қосқан. Арада бірнеше ай өткеннен кейін ер азамат шаштаразшы келіншекпен кездескісі келмей қалғанын айтқан. Ашуланған келіншек ыңғайлы уақытты аңдып жүріп еркектің үстіне бензин құйып өртеп жіберген.

de96b68bc4c8df8dac9d84825f72e142.0

Бұл туралы YK-news.kz басылымы хабарлайды.

Оқиға көлік ішінде болған. Шаштаразшы келіншек өзін тастап кеткен еркеккеқайта-қайта қоңырау шалып айтқан жеріне жеткізіп тастауға көндіреді. Жолда жігітке массаж жасаймын деген әйел әдейідайындап қойған бензинді оның арқасына құйып,шырпы жаққан.

Өртенген азамат араға екі апта салып ауруханада қайтыс болған. Осы арада ол болған жайтты толықтай полиция қызметкерлеріне баяндап берген. Ал келіншек оқиға аяқ асты болғанын айтып ақталған. Десе де, ШҚО ауданаралық мамандандырылған соты келіншекке осы қылмысы үшін 16,5 жылға жалпы режимдегі колонияға жабуды үкім еткен. Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар