Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейлік келіншек балабақша тәрбиешілерінің кесірінен қызының аяғы сынып, көзі көгергенін айтады

Семейде ашылғанына небәрі үш ай болған балабақшадан шу шықты. Тәрбиешілер қарауына қалдырған қызымның аяғы сынып келді деген ана әділдік іздеп жүрмін дейді.

Әйгерім Сләмова балабақшаға сау барған екі жастағы Айаруым аяғын сындырып қайтты дейді. Әділдік іздеген ана қызыма салғырт қарады деп, тәрбиеші мен балабақша меңгерушісін сотқа бергенін айтады, деп хабалайды 31 арна. 

Себебі осы оқиғадан бір күн бұрын баламның көзі көгеріп келді дейді. Сөзінше, алғашқы күні дәрігерлердің «аяғы сынды» деген диагнозын жоққа шығарып, өздері апарған жерден  «аяғын ауыртып алды» деген қағаз әкеліп берген.

Семейлік келіншек балабақша тәрбиешілерінің кесірінен қызының аяғы сынып, көзі көгергенін айтады

“Таңертең сау баламды апардым, кешке міне осындай, түстен кейін міне осындай сынған аяғымен алып кеттім баламды. Бұл тәрбиеші әлі күнге дейін бұл садикта жұмыс атқарып жатыр. Ешкім өз кінәсін мойындағысы келмейді”, – деп хабарлайды анасы Әйгерім Сләмова.

Екі апта бойы Айарудың қалын білуге тіпті қалалық білім бөлімі де қызығушылық танытпаған. Бірақ жағдайды сырттан жіті бақылап отырмыз деген олар ішкі тексеру жүргізу үшін комиссия құрылғанын жеткізді.

“Түсініктеменің зерттеу барысында біз баланың ойнап жүріп өз аяғына өзі шалынғанын анықтадық. Бүгінгі таңда Марғұлан Айарудың мамасы Әуезов ішкі істер бөліміне арыз жазған және қалалық прокуратураға. Жазған арызы бойынша қазір тергеу жүмыстары жүргізіліп жатыр”, – Семей қаласы Білім бөлімі басшысының орынбасары Гүлнәр Оразбаева.

“29 наурыз күні болған жағдайды растаймын. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Сот медициналық экспертизасының  қорытындысын күтіп отырмын”, – дейді балабақша меңгерушісі Ардақ Салқынбаева.

Ал кішкентай Айарудың анасының бар үміті соттың әділ шешімінде.

Тағы да оқыңыз:

Алматылық келіншек пойызда босанып қалды

Шымкентте әскери мектебінің шәкірті оқу-жаттығу кезінде көз жұмды

Атырауда аңға шыққан ер адам қасқыр екен деп досын атып тастаған

Талқылау