Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда аңға шыққан ер адам қасқыр екен деп досын атып тастаған

Атырауда қасқыр атамын деп досын атып алған ер адам сотталды.

№2 қалалық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Оқиға қаладан Махамбет ауылына барар жолда болған. Атырау қаласынан 20 шақырым жерде ер адам досымен бірге аң ауламақ болады. Жыртқышты аңдып жүрген ер адам сұлбаңдаған адам бейнесін қасқыр екен деп атып алған. Осы кезде досының айайлаған даусы шығады. Досы жарақат алып, денсаулығына нұқсан келген.

Айыпталушы кінәсін толығымен мойындады. Оның бұрын сотталмағаны ескеріліп, 1 жылға пробациялық бақылау орнату арқылы бас бостандығын шектеу жазасын кесті.

Тағы да оқыңыз:

Қасқыр адамның досы: Жыртқышпен 12 жыл өмір сүрген азамат 50 жыл бойы адамдарға үйрене алмаған

35 жастағы қазақ жігіті: Бейтаныс әйел басымды дуалап қаратып алды, енді өз әйеліме баратын бет жоқ

Алматы облысында ауыл мектебін 10 жылдан бері жыландар басып алған

Талқылау