Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде су тасқынынан зардап шеккендерге жаңа пәтер берілді

Семейде көктемгі су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға баспана беру мәселесі шешілуде. Кеше су тасқынынан тұрғын үйлері жарамсыз болып қалған екі отбасына Пристань ауданында жаңадан салынған көпқабатты пәтердің кілті табысталды, деп хабарлайды, Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеп.

Семейде су тасқынынан зардап шеккендерге жаңа пәтер берілді

Сейіт Жұмаділов пен Марат Зайкеновтың отбасы қаладағы «Жас Алаш», 6А мекенжайында бой көтерген көпқабатты тұрғын үйден екі бөлмелі және үш бөлмелі пәтер алды.

Қала әкімі Ермак Сәлімов қоныс иелеріне жаңа пәтердің кілтін табыстап, құттықтады.

«Бүгінгі күні су басқан аудандарда баспаналарды қалыпқа келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Пристань және Затон аудандарында 205 үй зардап шекті. Оның ішінде 9-ы апатты деп танылды. Бүгінгі күні 8 тұрғын жаңа үйге қоныс аударып үлгерді. Ол баспананы өздері таңдады. Үйлер республикалық бюджет есебінен сатып алынды. Ал Бобровка саяжайындағы үйлерді әкімшілік бюджеттен тыс қаражатқа жөндеп беріп жатыр»,-деді Ермак Сәлімов.

Айта кетейік, жалпы көктемгі су тасқынынан 204 баспана бүлінді. Оның 110-ы Бобровка саяжайында. Зардап шеккен үйлерді жөндеуге республикалық қазынадан 371 млн теңге, ал жаңа баспаналар сатып алу үшін 58 млн теңге бөлінді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау