Семейде пәтер ішінен ойынхана ашқан қытай азаматы сотталды

Сейсенбі, 14 Маусым , 2016 21:52

Семейде құмар ойынды кәсіп қылған қос азамат сотталды. Көлеңкелі бизнесті ұйымдастырған қытайлық келімсек Тань Пэнцао 7 жылға, ал оның серіктесі Ринат Гилажитдинов 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, олардың жеке мүліктері де тәркіленетін болды, – деп хабарлайды ктк арнасы.

113

27 және 35 жастағы екі жігіттің қулығына құрық бойламаған. Олар оңай олжаға кенелу үшін ойын автоматтарының бағдарламасын толықтай компьютерлерге орнатқан екен. Сөйтіп, қаланың әр ықшамауданында орналасқан 5 бірдей пәтерде ойынхана ашқан. Онда келген жұрттың да қарасы көп болған сыңайлы. Өйткені астыртын бизнестен жылына 10 млн.теңге пайда тауыпты. Яғни екеуі бірігіп жұмыс істеген төрт жылда 40 миллионды қалтаға басқан. Тіпті кассир мен күзетші де ұстаған. Енді олар жазаларын жалпы тәртіптегі түзету колониясында өтейді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Анонимно says:

    Кытайлар алден тобемизге отыра бастады. Бул Биссимилласы дейiк. Соны не болар екен.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар