Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде өгей әкесі 7 жасар қызын бір жыл бойы зорлап жүрген деген күдікке ілінді

38 жастағы ер адам үйде анасы жоқта 7 жасар қызды жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген, – деп хабарлайды informburo.

Rebenok-iz-Gorodeckogo-rayona

Сурет: 163gorod.ru 

Семей қаласының прокуратурасында бүлдіршінге сексуалды сипаттағы әрекеттерді істеуге мәжбүрлеген ер адамға қатысты іс қаралып жатыр. Қыздың анасы, арызданушы әйелдің айтуынша, өзі жұмыста болғанда өгей әкесі қызбен бірге үйде қалған. Ер адамның өзі жұмыс істемегендіктен күні бойы үйде болып қызға қараған. Алайда, бір күні қызы анасына өгей әкесінің өзіне тиісетінін айтқан.

«Болжам бойынша, ер адам қызды жақын қатынасқа бір жыл бойы итермелеп келген. Зорлау ісінің болған-болмағаны нақты белгісіз. Қыз бала көп ештеңе ашып айтпайды. Сондықтан сараптама тағайындалды. Егер мәлімет нақтыланса, ер адамға үлкен жаза беріледі», – дейді Семей қаласының прокуратурасында.

«Бұрындары мұндай істер ауыр қылмыс түріне жатқызылатын. Қазір олар ерекше ауыр қылмыс түріне жатады. Сондықтан сотталушылар мерзімінен бұрын бостандыққа шыға алмайды», – делінді прокуратурада.

Жіберіп алмаңыз:

Шымкентте өз қызын зорлады деп айыпталған ер адам екінші мәрте ақталып шықты

Ақмола облысының тұрғыны өзіне туыс жетім қызды зорлады деп күдіктелуде

Өз ұлын зорлады деп айыпталған алматылық 15 жылға сотталды

Талқылау